16.06.2023
3535
фото:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен қазақстандық, неміс университеттерінің қатысуымен Қазақстан мен Германияның жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының келешегін талқылау бойынша семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг аясында мемлекеттік органдар, жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми ұйымдар өкілдері, ГФР федералды білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің өкілдері қатарынан екі елден 80-нен астам делегат қатысты.
Қазақстан тарапынан – Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Айша Искакова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Ләззат Ералиева, “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, ҚР Ғылым қорының Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов және басқалар қатысты. Кездесу барысында тараптар қазақстандық және неміс университеттерінің жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, неміс делегациясы ғылыми ынтымақтастық құралдарын және зерттеу қызметі мен қоғам арасындағы байланысты пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Айта кету керек, Қазақстан мен Германияның жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан-Германия кооперациясын жаңа деңгейге шығаруға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болуы тиіс.