28.08.2025
481
Биология ғылымдарының кандидаты, профессор Огай Вячеслав Борисович Корея Федерациясының Ғылым және Технология (KOFST, Корея республикасы) Президенттік сыйлығының лауреаты атанды.
Бұл беделді халықаралық марапат көрнекті ғылыми жетістіктері мен Оңтүстік Кореямен ғылым мен инженерия салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
KOFST сыйлығы — Корея Республикасының ғылыми қауымдастығының ғалымдарға жаһандық ғылыми байланысты нығайтып, алдыңғы қатарлы зерттеулерді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін берілетін ең жоғары марапаттарының бірі.
Огай Вячеслав Борисовичтің қызметі қазіргі заманғы жасушалық технологияларды, регенеративті медицинаны және биотехнологияны дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы серіктестік жобаларды кеңейтуге бағытталған.
Аталған марапаттың берілуі қазақстандық ғалымдар жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін және Қазақстанның халықаралық ғылыми аренадағы орнын нығайтуды айғақтайды.