Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі

“Ұлттық биотехнология орталығы” ЖШС-де 23.01.2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызмет институты-квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтауға жауапты Комплаенс-офицер лауазымы енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл контекстінде корпоративтік адалдық пара беруден және жұмыс пен қоғамдық сенімге нұқсан келтіретін басқа да сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болу үшін бизнесті жүргізуді білдіреді.

Комплаенс-бұл заңнама нормаларының, сондай-ақ ішкі ережелердің, стандарттардың, мінез-құлық кодекстерінің сақталуын басқару және бақылау жүйесі.