Адам генетикасы зертханасы

Жабағин

Мақсат Қизатұлы

Ph.D., Қауымдастрылыған профессор

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Ресей ғылым академиясының Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының диссертациялық кеңесінде генетика мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне лайықты диссертациясын қорғады. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының (2007-2012) және «Талап» Назарбаев Университетінің дарынды ғалымдарына арналған бағдарламаның (2014) стипендиаты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым саласындағы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2016), ҚР Республикасының жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2017). Үздік ғылыми жұмысы үшін Ресейдің жас ғалымдарына арналған сыйлығымен және Ресей Ғылым академиясының медалімен марапатталды (2019). «Web of Science» халықаралық ақпараттық-талдамалық платформасы бойынша Қазақстандағы «Үздік жас ғалым» ретінде «Science of Leader – Web of Science Awards» тәуелсіз сыйлығымен марапатталды (2019), «Ғылымды танымал ету үшін үздік ғылыми коммуникатор» номинация бойынша «Young Researchers Alliance» (Жас ғалымдар альянсы) сыйлығымен марапатталды (2019). Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен және «Алтын барс» төсбелгісімен марапатталды (2019). Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2020).

ORCID ID – 0000-0003-3414-0610

Scopus ID – 56590111900

Жобалар

Зерттеулер бағыттары

  • Орта Азия халқының генетикалық қалыптасу тарихын және генетикалық әртүрлілігін зерттеу;
  • Генофондтың геногеографиялық зерттеулері;
  • Генофонд адаптациясы және гендік-мәдени коэволюция бағытындағы зерттеулер;
  • Палеогенетика бағытындағы зерттеулер;
  • Геномдық және эволюциялық медицина бағытындағы зерттеулер;
  • Криминалистік генетика бағытындағы зерттеулер;
  • Орта Азия халқының популяционды-генетикалық биобанкісін құру.

Зерттеу нәтижелері

  • Рулық топтардың арасындағы айрмашылық аудандық популяциялар арасындағы айырмашылыққа қарағанда 1.5 есе көп екендігі алғаш рет көрсетілді (AMOVA); генетикалық және квазигенетикалық (популяциядағы рулардың кездесу жииілігі негізінде) арақашықтықтардың арасында сенімді корреляция бар, ал генетикалық және географиялық арақашықтықтардың арасында жоқ екендігі айқындалды;
  • Трансоксиананың географиялық ландшафты генетикалық ландшафтқа тікелей әсері жоқ екендігі анықталды. Амудария және Сырдария өзендерінің бойында қоныстанатын қазақ және басқа популяциялардың генофонд құрылымына неігізінен әсер ететін шаруашылық-мәдени тип: отырықшылық және көшпелі мал шаруашылығы;
  • Рулардың генеалогиялық аңыздарын Y-хромосома полиморфизімі бойынша айқындау рулық құрылымы сақталған басқа да популяциялар үшін генетикалық деректерді қолданудың кең мүмкіндіктерін көрсетіп отыр;
  • Гаплотоп G1-ның филогенетикалық ағашы (MSY аймағының ұзын бөлігін талдау негізінде ~10 млн. ж.н.) және дәстүрлі генеалогияның (арғын шежіресі негізінде, өмір сүрген уақыты белгілі тарихи тұлғаның негізінде) сәйкес келу нәтижесінде Y-хромосоманың SNP мутация жылдамдығы тәуелсіз бағаланды: 0.78*10-9нуклеотидке жылына.

Басты басылымдар

Zhabagin M., Sabitov Z., Tazhigulova I., Alborova I., Agdzhoyan A., Wei L.H., Urasin V., Koshel S., Mustafin K., Akilzhanova A., Li H., Balanovsky O., Balanovska E.
Medieval Super-Grandfather founder of Western Kazakh Clans from Haplogroup C2a1a2-M48// Journal of Human Genetics, 2021

Ashirbekov Y., Abaildayev A., Neupokoyeva A., Sabitov Z., Zhabagin M.
Genetic polymorphism of 27 Y-STR loci in Kazakh populations from Northern Kazakhstan // Annals of Human Biology. - 2022

Gorin, I., Balanovsky, O., Kozlov, O., Koshel, S., Kostryukova, E., Zhabagin, M., Agdzhoyan, A ., Pylev, V., Balanovska, E.
Determining the Area of Ancestral Origin for Individuals From North Eurasia Based on 5,229 // SNP Markers

Zhabagin, M., Wei, Lan-Haic, Sabitov, Zh.,Ma, Peng-Chengg., Sun, Jinh., Dyussenova, Zh., Balanovska, E., Li, H., Ramankulov, Y.
Ancient Components and Recent Expansion in the Eurasian Heartland: Insights into the Revised Phylogeny of Y-Chromosomes from Central Asia // Genes. - 2022

Ashirbekov, Y., Sabitov, Zh., Aidarov, B., Abaildayev, A., Junissova, Z., Cherusheva, A., Saidamarova, V., Sharipov, K., Ramankulov, Y., Zhabagin, M.
Genetic Polymorphism of 27 Y-STR Loci in the Western Kazakh Tribes from Kazakhstan and Karakalpakstan, Uzbekistan // Genes. - 2022

Askapuli, Ayken; Vilar, Miguel; Garcia-Ortiz, Humberto; Zhabagin, Maxat; Sabitov, Zhaxylyk; Akilzhanova, Ainur; Ramanculov, Erlan; Schamiloglu, Uli; Martinez-Hernandez, Angelica; Contreras-Cubas, Cecilia; Barajas-Olmos, Francisco; Schurr, Theodore G.
Kazak mitochondrial genomes provide insights into the human population history of Central Eurasia // PLoS ONE. - 2022