Көрсетілетін қызметтердің тізімі

Ұлттық биотехнология орталығы заңды және жеке тұлғаларға кең ауқымда сараптама жүргізу, зерттеулер орындау үшін құрал-жабдықтар ұсыну жөнінде қызметтер көрсетеді. Бұдан басқа, ҰБО қызметкерлері оқыту семинарлары мен консультацияларөткізеді, ғылыми жұмыстарды рецензиялайды. Қызметтердің толық тізбесі төменде көрсетілген.

Адам генетикасы және медицина

  • Адамды генотиптеу.
  • Адамның жүрек-қантамыр, онкологиялық ауруларға, асқазан-ішек жолы мен зат алмасу ауруларына генетикалық жағынан бейімдігін анықтау.
  • Өмір салтын өзгерту үшін жеке генетикалық талдау жасау.
  • Тұқым қуалайтын бүйрек патологиясы бар балаларды сырқат белгісіне дейін ерте кезде диагностикалау.
  • мт-ДНҚ мен Y-хромосома пішіні негізінде генетикалық генеалогияны анықтау.
  • HLA-пішінді анықтау.
  • Жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттер үшін тромболитикалық препараттарды қабылдау мөлшерін жеке таңдау.
  • Қан құрамындағы ферменттер, көмірсутек құрамдастар деңгейін, пигментті және су-электролит алмасуларды анықтау.
  • Қоспалы сынамалардың мультиплексті анализы әдісімен (MLPA) адамның генетикалық ауруларын Тапсырыс берушінің жиынтығымен детекциялау.
  • Адамның қан тобын ПТР әдісімен анықтау.

Молекулалы генетика және генетикалық инженерия

  • Өсімдіктер мен жануарларды генотиптеу.
  • Бактериялар мен вирустардың нуклеотидті тізбектілігін толық геномды және ішінара анықтау.
  • Бактериялар, өсімдіктер мен жануарларды молекулалы-генетикалық әдістермен түрлеріне қарай бір жүйеге келтіру.
  • Көптеген рет қайталанатын тандемді мультилокусты талдау әдісін  (MLVA) пайдаланып, бруцеллаларды генотиптеу.
  • Өсімдіктердің, жануарлардың және тағам өнімдерінің үлгілерінен ДНҚ мен РНҚ бөліп алу.
  • Олигонуклеотидтер синтезі  150-ге дейінгі қоспалар.
  • Флуоресцентті-таңбаланған олигонуклеотидтер мен TaqMan-зонды синтезі.
  • de novo гендерінің 500 п.о.-дан 3000 п.о-ға дейін синтезі.
  • Бактериялар, ашытқылар, сүт қоректілер мен өсімдіктердің жасушаларында гендерді клондау және рекомбинантты ақуыздарға қол жеткізу.

Экология және биоремедиация

  • Өсімдіктерге, топырақ пен су қоймаларына микробиологиялық талдау жүргізу.
  • Консультационное сопровождение Биоремедиациялық жұмыстарға консультациялық қолдау көрсету.
  • Табиғи ортаға экологтық-аналитикалық мониторинг жасау.
  • Қоршаған орта объектілерінде ауыр металдардың болуын атомдық-адсорбционды спектрофотометрия тәсілімен анықтау.

Жасушалық биология және иммунология

  • Адам мен жануарлардың діңгекті жасушалары культурасына қол жеткізу.
  • Адам мен жануарлардың мезенхимальды және плюрипотентті діңгекті жасушаларын сәйкестендіру.
  • Діңгекті жасушалардың  дифференциалды әлеуетін (потенциалын) бағалау.
  • Жасуша культураларын микоплазмалармен контаминациялануына (былғануына) тестілеу.
  • Биопрепараттардағы бактериялы эндотоксиндердің деңгейін сан жағынан айқындау.
  • Диплоидты адам фибробласттарына және қорытылатын жасуша линияларын алу мен культивирлеу.
  • Биологиялық белсенді қоспаларға, патогендерге және жасуша маркерлеріне қарсы поликлональды және моноклональды антиденелерді алу.
  • Пероксидазамен коньюгирленген түр-тұқымға қарсы антиденелерге қол жеткізу немесе FITS.

Өсімдік шаруашылығы

  • Шыны түтікшедегі өсімдіктерді микроклональды көбейту, картоптың элита, суперэлита және супер-супер элита сорттарының шағын түйнектерін алу.
  • Картоптың вирустық инфекцияларын ИФТ мен ПТР әдісімен сәйкестендіру.
  • Ағаш өсімдіктерін микроклональды көбейту, екпе көшеттері мен көшеттерін алу.
  • Ағаш өсімдіктерін вирустық, саңырауқұлақ пен бактериальды аурулардан сауықтыру.
  • Бұршақ дәнді өсімдіктерде ақуыздар қорының бар-жоғына изоферментті талдау мен оны анықтау.