Искакова Айша Нұрбекқызы

Бас директор

Искакова

Айша Нұрбекқызы

PhD

Айша Ысқақова, PhD, “Болашақ” президенттік бағдарламасының түлегі, ғылыми-зерттеу қызметінде 13 жылдан астам тәжірибесі бар. 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде халықаралық ғылыми басылымдарда (Q1-Q4 журналдарында), 5 өнертабысқа патенттің авторы.

Хирш индексі 5-ке тең, Искакова А. Н. бірнеше жылдар бойы ғылыми ұйымдарда ғылыми кеңестің мүшесі болды, жақын және алыс шетелдерде Биотехнология және тиісті зертханалық практика саласында көптеген ғылыми тағылымдамаларға қатысты, биотехнологияны дамытудың өзекті тақырыптары бойынша бірқатар ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі болды.

2009 жылы Vysoká škola chemicko-technologická v Praze “биохимия және биотехнология” мамандығы бойынша аяқтады, 2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің “Биотехнология” бағыты бойынша магистратурасын бітірген, 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасын “Биотехнология”мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2009 жылы Ұлттық биотехнология орталығында бастады. 2018 жылғы шілде мен 2022 жылғы желтоқсан аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығының штаттан тыс инспекторы, зертхана меңгерушісі болды. 2021-2022 жылдары-Республикалық микроорганизмдер коллекциясы биобанкінің меңгерушісі. 2022 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін – “QazBioPharm” Ұлттық холдингі ” АҚ сертификаттау және өнім сапасы департаментінің директоры.

“Технологиялық серпіліс” номинациясы бойынша “Инновациялық Қазақстан” республикалық идеялар конкурсының жеңімпазы, Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның және “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісінің иегері.

“Ұлттық биотехнология орталығы” ЖШС жалғыз қатысушысының шешімімен Бас директор болып тағайындалды.