Атеросклероз (АС) – қан тамырларының эндотелийінде липидті бляшкалардың болуына негізделген, ағзалар мен тіндердің жеткіліксіз қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты салдары бар кең таралған тамыр ауруы. Бұл аурумен әлем халқының 17,8 пайызы, Қазақстанда 22,4 пайызы ауырады. Халықтың мезгілсіз өлімі және жүрек-қан тамырлары аурулары түріндегі салдары, сондай-ақ ерте мүгедектік оны емдеудің жаңа тәсілдерін іздеуді қажет етеді. Атеросклероздың клиникаға дейінгі үлгілеріндегі көптеген зерттеулер атеросклероздың дамуын тежеудегі мезенхималық бағаналы жасушаларының (МБЖ) маңызды әлеуетін және олардың тамыр эндотелийінің атеросклеротикалық зақымдалуына МБЖ-ның иммуносупрессивті, регенеративті және атеропротекторлық әсерін көрсетеді. Атеросклерозды емдеуде әртүрлі көздерден алынған мезенхималық бағаналы жасушалардан бөлінген экзосомаларды қолдану маңызды әлеуетке ие.
Жобаның мақсаты – цитокинмен алғышартталған бауының мезенхималық бағаналы жасушаларынан бөлінген экзосомалардың индукцияланған атеросклерозы бар экспериментті жануарларларында әсерін зерттеуі болып табылады.
1. Адамның кіндік кіндік бауынан мезенхималық бағаналы жасушаларының біріншілік дақылдары алынады және сипатталады.
2. Адамның кіндік бауының мезенхималық бағаналы жасушаларынан экзосомалары алынады және сипатталады.
3. Адамның кіндік бауының MБЖ-лардан алынған экзосомаларының иммуномодуляциялық қасиеттерін in vitro тиімді күшейту үшін оңтайлы цитокиндер мен цитокинді алғышарттаудың оңтайлы шарттары анықталады.
4. Цитокинмен алғышартталған адамның кіндік бауының MБЖ-лардан алынған экзосомаларының емдік әсерін анықтау үшін индукцияланған атеросклероздың тышқан үлгісінде in vivo зерттеулер жүргізілетін болады.
Секенова Алия Ержановна – Scopus ID – 57218821100