Жоба құс шаруашылығында инфекциялық ауруларды емдеу және алдын алумақсатында қолдануға болатын лизистейтін бактериофагтар панелін әзірлеуге бағытталған. Жоба аясында ауыл шаруашылығы құстарының асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жүйесінің инфекциялық ауруларының негізгі қоздырғыштарын қамтитын тесттік бактериялық дақылдар коллекциясы қалыптастырылады. Қоршаған ортадан биологиялық материалды жинау және бактериофагтарды бөліп алу нәтижесінде жоғары литикалық белсенділікке ие штаммдарды бөліп алуға болады. Толықгеномды секвенирлеу вируленттілік факторлары мен антибиотиктерге төзімділік гендерінің тасымалдану қаупін бағалауға мүмкіндік береді. Жоба нәтижелері ветеринариялық медицина, биотехнология және микробиология салаларындағы ғылыми-техникалық дамуға елеулі үлес қосады деп күтіледі. Жоба нәтижесінде бактериофагтар мен патогенді микроағзалардан алынған мәліметтер бойынша бірегей дереқоры құрылатын болады. Микробиология, биоинформатика және молекулярлыбиология әдістерді біріктіру жас ғалымдардың пәнаралық құзыреттерін дамытуға, олардың кәсіби өсуіне, сондай-ақ геномдық зерттеулер мен фагтық терапия саласындағы білімдерін кеңейтуге ықпал етеді.
Жоба ғылыми ұжымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың халықаралық зерттеулерге ықпалдасуына ықпал етеді.
Жобаның мақсаты, құс шаруашылығында емдік және профилактикалық препараттар ретінде қолдануға перспективалы бактериофагтар панелін құру.
Жобаның негізгі идеясы ауыл шаруашылығы құстарындағы инфекциялық ауруларды емдеу және алдын алу үшін перспективалы лизистеуші бактериофагтардың панелін әзірлеу болып табылады. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы құстарында асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының негізгі қоздырғыштарын қамтитын тесттік бактериялық дақылдар коллекциясы қалыптастырылады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жоғары литикалық белсенділігі бар бактериофаг изоляттары іріктеліп алынады. Толықгеномды секвенирлеу арқылы бактериалды геномдарға вируленттілік факторлары мен антибиотиктерге төзімді гендерінің интродукциялану ықтималдығы анықталады. Ұсынылып отырған зерттеу сызбасы ветеринария, биоинформатика, молекулалық биология және иммунология сияқты негізгі ғылыми бағыттарды біріктіретін пәнаралық тәсілді көрсетеді. Мұндай ынтымақтастық әртүрлі ғылым салаларының тоғысында тұрған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы құстарындағы инфекциялармен күресудің инновациялық әдістерін жан-жақты зерттеу мен әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Сытник Игорь Иванович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша еңбек өтілі 15 жылдан астам. Италияның Терамо қаласындағы IZAM зоопрофилактика институтында және АҚШ-тың Флорида штаты университетінде тағылымдамадан өткен. Ғылыми зерттеу бағыты – бактериялар мен вирустардың молекулалық биологиясы. Scopus/WoS дерекқорлары бойынша Хирша индексі – 4. Ұсынылып отырған жоба аясында жобаның жалпы басшылығын жүзеге асырады, толықгеномды секвенирлеуге, сондай-ақ алынған нәтижелерді талдау мен интерпретациялауға қатысады.
https://www.webofscience.com/wos/author/record/P-1659-2017
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56736251700
https://orcid.org/0000-0002-3439-7021
Қойбағаров Марат Амангельдыұлы – 49 жаста, ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Қолданбалы генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері. Германия мен АҚШ-тағы ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өткен. Ғылыми қызығушылықтары молекулалық биология мен микробиология салаларын қамтиды. Ғылыми жұмыс өтілі – 21 жыл. Scopus/WoS дерекқорлары бойынша Хирша индексі – 3. Жоба аясында бактериялар мен бактериофаг изоляттарын бөліп алуға, сондай-ақ литикалық бактериофагтардың биологиялық қасиеттерін зерттеуге қатысады.
https://www.webofscience.com/wos/author/record/2051390
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57220278412
https://orcid.org/0000-0001-7428-7620
Камалова Динара Камалқызы – 35 жаста, магистр, PhD докторанты, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша еңбек өтілі 8 жыл. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Қолданбалы генетика зертханасының ғылыми қызметкері. Scopus/WoS дерекқорлары бойынша Хирша индексі – 4. Ғылыми қызығушылықтары инфекциялық ауруларды диагностикалауға арналған тест-жүйелерді әзірлеу, MLVA және MLST әдістері арқылы генотиптеу, сондай-ақ вирусология салаларын қамтиды. Жоба аясында ДНҚ бөліп алу және полногеномдық секвенирлеу жұмыстарына қатысады.
https://www.webofscience.com/wos/author/record/2099494
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56736413900
https://orcid.org/0000-0002-4570-8761
Амирғазин Асылұлан Оразғалиұлы – 32 жаста, бакалавр, Ұлттық биотехнология орталығының Қолданбалы генетика зертханасының ғылыми қызметкері. Ғылыми жұмыс өтілі – 6 жыл. Scopus/WoS дерекқорлары бойынша Хирша индексі – 4. Зерттеу бағыты Сенгер әдісі бойынша секвенирлеу, жаңа буын секвенирлеу (NGS), нақты уақыттағы ПЦР, сондай-ақ биоинформатикалық талдауды қамтиды. Жоба аясында толықгеномды секвенирлеуге және микробиомдарды талдауға қатысады.
https://www.webofscience.com/wos/author/record/1615545
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57218628470
https://orcid.org/0000-0001-9418-7758
Островский Александр Сергеевич – 24 жаста, магистр, Ұлттық биотехнология орталығының Қолданбалы генетика зертханасының лаборанты. Ғылыми жұмыс өтілі – 1 жыл. Зерттеу бағыты инфекциялық ауруларды диагностикалауға арналған ПЦР-тесттерді әзірлеу және тест-жүйелердің тиімділігін бағалауды қамтиды. Жоба аясында қажетті реактивтерді дайындауға, ДНҚ бөліп алуға, сондай-ақ литикалық бактериофагтардың биологиялық қасиеттерін зерттеуге қатысады.
https://orcid.org/0009-0006-8139-8285
Инфекциялық үдерістің дамуына қатысатын ағзаларды қамти отырып, сау және ауру ауыл шаруашылығы құстарынан материалды кеңейтілген іріктеу жүргізілді. Үлгілер «суық тізбек» талаптарын сақтай отырып зертханаға жеткізілді, одан кейін метагеномдық зерттеулерге жарамды ДНҚ бөліп алу жұмыстары орындалды. Алынған материал 16S rRNA генінің V3–V4 аймақтарын ампликондық секвенирлеу үшін пайдаланылды. Метагеномдық деректерді талдау патологиялық материалдың микробиом құрылымын сипаттауға және құстардағы асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жолдарының инфекцияларымен әлеуетті түрде байланысқан таксондарды анықтауға мүмкіндік берді. Осы деректердің негізінде микроорганизмдерді нысаналы түрде бөліп алу үшін селективті және дифференциалды қоректік орталар, сондай-ақ инкубациялаудың оңтайлы жағдайлары таңдап алынады. Патологиялық материалдан бактериялық дақылдар бөлініп алынды, көп мәрте қайта себу және таза колонияларды іріктеу жүргізілді, соның нәтижесінде клиникалық маңызы жоғары изоляттардың сапалы коллекциясы қалыптастырылды. Бұл коллекция вируленттілікті бағалауды, антибиотиктерге төзімділік профильдерін анықтауды, сондай-ақ бөлініп алынған штамдарға спецификалық литикалық бактериофагтарды оқшаулау мен сипаттауды қоса алғанда, кейінгі зерттеулерде пайдаланылатын болады. Әрбір дақылды дәл сәйкестендіру мақсатында 16S rRNA генінің секвенирлеуі жүргізіліп, нәтижесінде изоляттар түрі анықталды және олардың құс шаруашылығындағы эпизоотологиялық мониторинг үшін маңыздылығы расталды.