01.08.2024
1081
фото:
Ақмола облысында климаттың өзгеруі жағдайында астықты тұрақты өндіру мәселесіне арналған «Дала күні» атты арнайы көрме аталып өтті.
Көрмеде А.И. Бараев атындағы «Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын климаттың өзгеруі жағдайларына бейімдеу бойынша жасалған ұзақ мерзімді зерттеулерінің нәтижелері көрсетілді.
Сонымен қатар, отандық және шетелдік селекциясындағы сынамадан өткен дәнді дақылдардың жаңа сорттары ұсынылды және ғылыми-техникалық бағдарлама жобаларының нәтижелері көрсетілді.
Дала туры кезінде қатысушылар құрғақ жағдайда егіншіліктің әртүрлі жүйелерінің агротехнологияларын қолдану бойынша тәжірибелік стационарлардың жұмысы туралы хабардар етілді,ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа бейімделген сорттарының егістерімен бастапқы тұқым шаруашылығының питомниктерімен және селекциялық питомниктерімен танысты.
Кездесу барысында Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары сараптамалық пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті .
Олардың қатарында:
Өсімдіктердің генетикалық инженериясы зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. – Манабаева Шуга Асқарқызы, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы зертханасының меңгерушісі, б. ғ. д – Алмагүл Апсалямқызы Кәкімжанова, өсімдіктер геномикасы мен биоақпараттандыру зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Хапилина Оксана Николаевна, биоәртүрлілік және генетикалық ресурстар зертханасының меңгерушісі, т.ғ.к. Киян Владимир Сергеевич болды.
Айта кету керек, қазіргі таңда ҰБО ғалымдарының басшылығымен генетика, гендік инженерия, биотехнология, биологиялық алуан түрлілік, сирек кездесетін өсімдіктер түрлерін өсіру және сақтау, картоптың «Астаналық» жаңа сорттары, «Қазақстан 20», «Ақ Орда» бидай сорттары саласындағы жобалар әзірленуде.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «НАСЕК» АҚ, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС.