Қазақстан Республикасы күніне орай «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС қызметкерлері марапатталды

26.10.2023

1779

фото: mtrk.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтар тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС өкілдері бар:

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі – Жабагин Мақсат Қизатұлы, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС генетика зертханасының меңгерушісі;

«Құрмет» ордені – Мальцева Элина Романовна, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС филиалының биоқауіпсіздік және биоқорғау бөлімінің бастығы, Алматы қ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен – Дюсенова Жанаргүл Сырымқызы, Адам генетикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері. Сондай-ақ, орталық қызметкерлеріне «QAZBIOPHARM» АҚ, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС бас директорларынан алғыс хаттар табысталды.