Life Sciences Today 2025 конференциясында «Еңүздікпостер» жүлдесі

06.10.2025

350

2025 жылғы 17–19 қыркүйек аралығында Астанадағы Назарбаев Университетінде Life Sciences Today 2025 – Frontiers in Biomedicine: Infer, Innovate, Impact атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шара National Laboratory Astana (NLA) зертханасының 10 жылдығы мен Life Sciences орталығының 15 жылдығына арналды. Конференцияға АҚШ, Еуропа және Азия елдерінен 400-ден астам қатысушы қатысты, 40-тан астам ғылыми баяндама жасалды.

Конференция аясында жас ғалымдар арасында байқаулар ұйымдастырылды. «Ең үздік постер» номинациясының жеңімпазы Айдар Қуанышбекұлы Даиров атанды — ол «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-нің Діңгек жасушалар зертханасының ғылыми қызметкері және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жалпы биология және геномика кафедрасының PhD докторанты.

Ол «In vivo study of the therapeutic efficacy of preconditioned mesenchymal stem cells and their exosomes in a mouse model of imiquimod-induced psoriasis-like skin inflammation» тақырыбында постерлік баяндама жасады. Баяндама «Регенеративтік медицина және биоинженерия» секциясында ұсынылды.

Зерттеу адам кіндік қанының мезенхималық діңгек жасушалары (hUCB-MSCs) мен олардың экзосомаларының қабынуға қарсы әсерін бағалауға арналды. Ең тиімді нәтижелер IL-17A, IL-22 және TNF-α цитокиндерімен прекондицияланған жасушалардан алынған экзосомалар қолданылған топта байқалды. Постер конференция қатысушылары арасында үлкен қызығушылық тудырып, ғылыми және практикалық маңыздылығы, сондай-ақ баяндамашының кәсіби деңгейі үшін қазылар алқасының жоғары бағасын алды.