Иммунохимия және иммунобиотехнология зертханасы

Мұқантаев

Қанатбек Найзабекұлы

Зертхана меңгерушісі, б.ғ.д.

Моноклоналды антиденелер негізінде тест-жүйелерін өңдеу және гибридомалық технологиясы аумағындағы маман, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, моноклоналды антиденелер өндіруші гибрид штамдарына рекомбинантты антигендер өндіруші микроорганизм штаммдарына берілген 15 авторлық куәлігі бар. 2011 ж. «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

ORCID ID – 0000-0002-6048-0232

Scopus ID – 57211138932

Зерттеулер бағыттары

  • Моноклоналды антиденелер негізінде адам мен жануарлардың (оның ішінде аса қауіпті аурулар) инфекциялық ауруларын диагностикалауға арналған тест-жүйесін әзірлеу;
  • Моноклоналды антиденелер негізінде картоп вирусының жұғымдалуын тексеруге арналған иммунохроматографиялық тест-жүйе әзірлеу;
  • Вирустардың рекомбинантты антигендерін алу және өндіру;
  • Ісік жасушаларының плазматикалық мембраналарының ісікассоцирленген антигендердің әсер ету механизмдерін зерттеу.

Инновациялық әзірлемелер

  • Вакцинделген жануар мен ауру жануарларды дифференциалды диагностикалауға арналған аусыл вирусының рекомбинантты құрылымдық емес антигені негізінде иммуноферменттік талдау әдісі;
  • Ірі қара малдың лейкоз вирусының рекомбинантты антигені және моноклоналды антиденелері негізінде  иммунофлюоресценция мен иммуноферменттік талдау әдістері;
  • Рекомбинантты  антигендер негізінде сифилисті серологиялық диагностикалауға иммуноферменттік талдау әдісі;
  • Іріқаралардағы аусыл ауруын диагностикалауға арналған моноклоналды антиденелер және рекомбинантты антигендер негізінде дайындалған иммуноферментті талдау әдісі;
  • Ауылшаруашылығы жануарларындағы құтыру ауруын серологиялық диагностикалауға арналған моноклоналды антиденелер және рекомбинантты антигендер негізінде дайындалған иммуноферментті талдау әдісі;
  • Ірі қара малдың бруцеллезін серологиялық диагностикалауға  арналған иммунохроматографиялық талдау әдісі;
  • Ауылды серологиялық диагностикалауға арналған О, А және Азия серотиптерінің рекомбинантты VP1 антигеніне негізделген иммунохроматографиялық талдау әдісі;
  • Картоп вирусын анықтауға арналған моноклоналды антидегене негізделген иммунохроматографиялық талдау әдісі;
  • Ірі қара малдың лейкозын серологиялық диагностикалауға  арналған рекомбинантты р24 және gp51 антигендеріне негізделген иммунохроматографиялық талдау әдісі.

Басты басылымдар

Bulashev, A., Ingirbay, B., Mukantayev, K N., Syzdykova, A.
Evaluation of chimeric proteins for serological diagnosis of brucellosis in cattle // Veterinary World - 2021 Volume 14, Issue 8, Pages 2187 - 2196

Tursunov K., Tokhtarova, L., Kanayev, D., Mustafina, R., Mukantayev, K.
Effect of thioredoxin on the immunogenicity of the recombinant P32 protein of lumpy skin disease virus // Veterinary World - 2022 Volume 15, Issue 10, Pages 2384 - 2390

Mukantayev, K., Kanayev, D., Zhumabekova, Sh., Shevtsov, A., Tursunov, K., Mukanov, K., Ramankulov, Y.
Optimization of polymerase chain reaction for the identification of Roe deer, Saiga, and Siberian stag living in Kazakhstan // Veterinary World. - 2022 Vol. 15, Issue 8, P. 2067 - 2071

Adish Zh., Nurtleu M., Dzantiev B., Tursunov K., Mukantayev K., Ramankulov Y., Mukanov K.K.
Expression of Recombinant CTLA-4 and PD-L1 Proteins Fused with Thioredoxin, and Determination of Their Ligand-Binding Activities // Reports of Biochemistry and Molecular Biology. - 2022. - Vol. 11, No. 2, Р. 310-319

Nurtleu, M., Adish, Zh., Mukanov, K., Tursunov, K., Ramankulov, Ye., Mukantayev, K.
Analysis of Antibody Induction by Macrophages Treated Ex Vivo with Human Proteins in Mice // Reports of Biochemistry & Molecular Biology - 2023 Vol.11, No.4