Ұлттық биотехнология орталығына ГФР федералды Білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің делегациясы келді

16.06.2023

1855

фото:

Неміс делегациясының сапарының басты тақырыбы қазақстандық, неміс университеттері мен ғылыми ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Германияның ғылым саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылау болды. 

Кездесу барысында тараптар қазақстандық және неміс ғылыми ұйымдарының биотехнология саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады. 

Қонақтар ғылыми ынтымақтастық құралдарын пайдалану тәжірибесі және зерттеу қызметі мен қоғам арасындағы байланыс туралы әңгімеледі. 

Өз кезегінде Ұлттық биотехнология орталығының бас директорының м.а. Айша Искакова неміс делегациясына орталықтың қызметі туралы хабардар етіп, биотехнологияның даму перспективалары туралы айтып берді. 

Ұлттық биотехнология орталығы геномдық зерттеулерде жоғары әлеуетке ие, генотиптеу. Біз пилоттық зерттеулерге қызығушылық танытамыз. Бірлескен ғылыми жобалар мен ғылыми-зерттеу қызметі бойынша екіжақты әріптестікті күшейту қажет деп санаймыз”, – деп атап өтті Айша Искакова.