1. Қызметкерлерді іріктеу белгіленген біліктілік талаптарына және бекітілген штат кестесіне сәйкес жүргізіледі.
2. Бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеу бос лауазымға жауап берген тұлғаның түйіндемесін қарау және үміткердің кәсіптік жарамдылығы тұрғысынан тиісті біліктілігін анықтау мақсатында сұхбат өткізу; іскерлік сапалары мен жұмыс тәжірибесін анықтау, жеке басын куәландыратын, білім деңгейін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды (немесе олардың көшірмелерін) тексеру арқылы жүргізіледі.
3. Егер серіктестік басшылығы құжаттармен танысқаннан және әңгімелесуден кейін үміткерді қанағаттанарлық талаптарға сай деп тапса, онымен еңбек шарты жасалады. Сынақ мерзімі 3 айға дейін белгілі бір мерзімге еңбек шарты, белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне жасалуы мүмкін.
Персоналды басқару қызметі – телефон 8 (7172) 707-536, электрондық мекен-жайы: kadry@biocenter.kz
Бос орындарды көру үшін сілтемені ENBEK.KZ