16.10.2025
431
Қазақстан, Оңтүстік Корея, Германия және АҚШ ғалымдарынан құралған халықаралық зерттеу тобы Шығыс Қазақстандағы ежелгі адамдардың палеогенетикалық зерттеуін жүргізді. Қазақстан тарапынан жобаны Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Максат Жабагин басқарды.
Зерттеу барысында Қазақстан аумағынан табылған ең көне адам қалдықтары — шамамен 7 000 жыл бұрынғы (ерте неолит дәуірі) екі үлгіні қоса алғанда, 21 ежелгі геном секвенирленді.
Нәтижелер Шығыс Қазақстанның ерте неолиттік аңшы-жинаушы тұрғындары ежелгі солтүстікеуразиялық және шығысәазиялық (палеосібірлік) генетикалық желілердің араласуынан құралғанын көрсетті. Бұл ежелгі генетикалық қабат кейінгі қола дәуіріндегі көшпелі халықтардың қалыптасуына әсер етіп, қазіргі Орталық Азия халықтарының генетикалық қорында сақталып қалған.
Жоба академик Оразақ Смағұлұлы Исмағұловтың көпжылдық антропологиялық зерттеулерін жалғастырып, Қазақстан жеріндегі халықтың мыңдаған жылдық сабақтастығын археогенетикалық тұрғыдан дәлелдейді.
Толығырақ: Qaz365.kz