ҰБО ғалымдар тобы Қазақстанның оңтүстігінде қайталанатын кене қызбасының қоздырғыштары тарағаны туралы мақала жариялады

03.10.2024

780

фото:

Қайталанатын кене қызбасыныңБоррелии топтары (TBRFGB) — бұл адамдар мен жануарларда ауру тудыратын спирохеттер.

Қазақстанда кенелер мен адамдар арасында TBRFGB таралуы туралы мәліметтер жоқтың қасы.

«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС Алматылық филиалының ғалымдары № (AP14870683) «Қазақстанның оңтүстік аймағында қайталанатын қызбаның (RelapsingFeverBorrelia) қоздырғыштарының таралуы мен генетикалық сипаттамасы» атты ҚР ҒЖБМ грантының аясында зерттеулер жүргізді. Қол жеткізілген деректер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында боррелий қоздырғышы  тудыратын болуы мүмкін инфекциялар туралы ақпараттарды көп білу қажет екендігін растайды.

Мақала Ticks and tick-borne diseases журналында жарық көрді.  

(CiteScore – 6.9, Q1 (91% Insect Science) Scopus).