Шегебаев Таңат Шалұлы 1979 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін “сәулетші” біліктілігі бойынша бітірген, “Құқықтану”біліктілігі бойынша Қазақ-Орыс Халықаралық университетін аяқтаған.
Әр жылдары Мемлекеттік қызметтің әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді: Сарапшы, бас сарапшы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы “Каптиалдық Құрылыс және жөндеу” бөлімінің бастығы (2009-2013 жж.);
- “Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимараты” ЖШС жобалау тобының жетекшісі (2013-2016 жж.);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің “соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің” бас консультанты (2016 ж.);
- “Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ басшысы (2016-2017 жж.);
- “Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” ММ басшысы (2017-2019 жж.);
- “Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы” ММ басшысының орынбасары, Ақтөбе облысының бас құрылыс инспекторының орынбасары (2019-2021 жж.);
- “Bazis construction” ЖШС Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері (2021 ж. – 2022 ж.тамызға дейін).