Ғылым жөніндегі Басқарушы директор
Жумабекова
Марал Бапановна
Химия ғылымдарының кандидаты
Жұмабекова Марал Бапановна, химия ғылымдарының кандидаты, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген. 1993 жылы күндізгі аспирантураны бітіріп, «электрохимия» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Кандидат дипломы Ресей Федерациясының Мемлекеттік Жоғары аттестаттау комиссиясымен берілді, Қазақстан Республикасының Жоғары аттестаттау комиссиясымен аттестатталды.
Еңбек жолын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бейорганикалық химия кафедрасында зертханашы болып бастаған. Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінде инженер, бұдан әрі физикалық химия, электрохимия, кванттық химия пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2020 жылға дейін Ұлттық биотехнология орталығының стратегиялық даму, патенттік жұмыс бөлімінің бастығы, ғылым департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2020-2024 жылдары «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ стратегиялық даму департаментін басқарды.
Жұмабекова Марал Бапановнаның басшылығымен Quaquarelli Symonds (QS) World University Rankings, Green Metric және т. б. әлемдік жаһандық рейтингтерде университеттің жоғары позициялары қамтамасыз етілді.
Ғылыми қызметті басқару, жобалар мен бағдарламалардың орындалуын үйлестіру, ұйым қызметін стратегиялық жоспарлау, даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеу, инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының биоқауіпсіздік бойынша тәуекелдерді бағалау саласындағы халықаралық жобаларымен жұмыс тәжірибесі бар.
Қосымша Жоғары заң білімі бар
Ғылыми бағыты бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ғылыми жұмыстардың, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау нәтижелері бойынша Әдістемелік ұсынымдардың, тамақ қауіпсіздігі бойынша ұжымдық монографияның авторы.
ҚР Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.