Өсімдіктердің генетикалық инженериясы зертханасы

Манабаева

Шұға Асқарқызы

Зертхана меңгерушісі, б.ғ.к.

Генетика, генетикалық инженерия және өсімдік биотехнологиясының маманы. Беделді халықаралық ғылыми бағдарламалардың стипендиаты, соның ішінде InWEnt, Германия (2003-2004), және DAAD, Германия (2006). Сондай-ақ, АҚШ-тың Техас А&М университетінде зерттеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми грантына ие болды (2007-2008 жж.). 2009-2010 жылдары АҚШ-тың Техас А&М университетінің өсімдіктер патологиясы және микробиология департаментінде постдок болып жұмыс істеді. 2018 жылы “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін”төсбелгісімен марапатталған. 80 – нен астам ғылыми жарияланымдардың авторы, Хирш индексі-5 (Scopus). Соңғы 5 жылда CRISPR/Cas9 технологиясын қолдана отырып, геномдық өңделген өсімдіктерді құру, генетикалық түрлендірілген өсімдіктер және өсімдіктердегі рекомбинантты ақуыздардың транзиентті өнімдер жүйелерін жасау саласындағы жобаларды басқарды.

ORCID ID – 0000-0001-7884-1713

Scopus ID – 55615915000

Зерттеулер бағыттары

  • Өсімдіктердің генетикалық инженериясы;
  • CRISPR/Cas9 технологиясын қолдана отырып, геномы өңделген өсімдіктерді құру;
  • A. tumefaciens көмегімен трансгенді өсімдіктерді алу;
  • Өсімдіктерде рекомбинантты ақуыз өндіру;
  • Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлерінің ген банкін және in vitro коллекциясын құру;
  • Қазақстанның сирек кездесетін эндемикалық және реликті түрлерін ДНҚ штрих-кодтау, молекулалық филогенетикалық зерттеу.

Инновациялық әзірлемелер

  • Қызанақтың бұталы ергежейлі вирусының геномы негізінде жасалған рекомбинантты конструкцияларды пайдалана отырып, in planta өсімдіктерінде рекомбинантты ақуыздардың Г-КСФ, адамның ГМ-КСФ және GP51 ІҚМЛВ транзиентті өнімінің технологиясы әзірленді. Жасалған технология арқылы тазалығы жоғары рекомбинантты ақуыз алуға болатындығын, өсімдіктердегі әртүрлі рекомбинантты ақуыздар гені экспрессиясы үшін ҚБЕВ геномына негізделген вирустық жүйені пайдаланудың перспективасы жоғарылығын дәлелдейді.
  • Фосфинотрицинге төзімділіктің жоғарылауымен сипатталатын PAT гені бар трансгенді мақта өсімдіктері алынды.
  • Түйнектерінде амилопектиннің едәуір мөлшері бар геномы өңделген картоп өсімдіктері жасалды.

Басты басылымдар

Abeuova L., Kali B., Tussipkan D., Akhmetollayeva A., Ramankulov Y., Manabayeva Sh.
CRISPR/Cas9-mediated multiple guide RNA-targeted mutagenesis in the potato // Transgenic Research (2023). https://doi.org/10.1007/s11248-023-00356-8

Sarsen A, Saginova M, Akishev Z, Aktayeva S, Manabayeva S, Khassenov B.
Molecular phylogenetic analysis of Tulipa (Liliaceae) from Aksu-Zhabagly Nature Reserve. Plant Science Today. 2023; 10(2): 302–309. https://doi.org/10.14719/pst.2153

Amirgazin A., Shevtsov V., Tussipkan D., Lutsay V., Ramankulov Y., Shevtsov A., Manabayeva S.
Characterization of the complete mitochondrial genome of the Indian crested porcupine (Hystrix indica) // Animal Gene. ‒ 2023. ‒ V. 27. ‒ P. 200144. https://doi.org/10.1016/j.angen.2022.200144

Tussipkan Dilnur and Manabayeva Shuga A.
Alfalfa (Medicago sativa L.): Genotypic diversity and transgenic alfalfa for phytoremediation // Frontiers in Environmental Science. – 2022, V. 10, p.1-13. doi.org/10.3389/fpls.2021.747476 Q1, IF-4,581

Tussipkan Dilnur and Manabayeva Shuga A.
Employing CRISPR/Cas technology for the improvement of potato and other tuber crops // Frontiers in Plant Science. – 2021, V. 12, p.1-16. doi.org/10.3389/fenvs.2022.828257, IF= 5.753

Abeuova L.S., Kali B.R., Rakhimzhanova A.O., Bekkuzhina S.S., Manabayeva Sh.A.
High frequency direct shoot regeneration from Kazakh commercial potato cultivars // PeerJ. - 2020. DOI 10.7717/peerj.9447. IF 2.38.

Zhumabek A.T., Rakhimzhanova A.O., Bekkuzhina S.S., Ramankulov Ye.M. and Manabayeva Sh.A.
Somatic embryogenesis and plant regeneration from upland switchgrass cultivars // Research on Crops. - 2020. - Vol. 21(2), №34. - P.217-222. doi.org/10.31830/2348-7542.2020.059 IF=1.06

Zhumabek A.T., Abeuova L.S., Mukhametzhanov N.S., Scholthof H.B., Ramanculov Е.M., Manabayeva S.A.
Transient expression of the bovine leukemia virus envelope glycoprotein gp51 in plants by a recombinant TBSV vector //Journal of Virological Methods. 2018. – Vol. 255. – P. 1-7. https://doi.org/10.1016/j.jviromet.2018.01.016