ҰБО филиалы, Степногорск қ.

Хасенова

Акмарал Ертугановна

Филиал басшысы

Биотехнологиялық және химиялық дәрілік препараттарды, биологиялық белсенді заттарды, өсімдіктерді қорғаудың биотехнологиялық құралдарын және мұнаймен ластанған топырақты тазартуға арналған биологиялық препараттарды әзірлеу саласындағы маман.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жас ғалымдарға арналған Д. А. Қонаев атындағы бірінші сыйлығымен марапатталған (2010 ж.).

Зерттеу бағыттары

  • Пробиотикалық қасиеттері бар микроағзалар коллекциясын бөлу және толықтыру.
  • Био тыңайтқыштарды жасау үшін өндірістік штаммдар жинағын бөлу және толықтыру.
  • Қазақстанның антропогендік-бұзылған топырақтарын биоремедиациялау үшін микроағзалардын топтамасын бөлу және толықтыру.
  • Микроағзаларды ашыту, шоғырландыру, лиофилизациялау технологиясын пысықтау.
  • Қазақстан флорасының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің, оның ішінде эндемикалық дәрілік өсімдіктердің тұқымдық банкін құру

Нәтижелер

  • Мезофильді бидай ашытқысы, ацидофилинге арналған ашытқы, және ферменттік препараттар әзірленді: “Протосубтилин”, “Глюкавомарин”, “Амилосубтилин” тамақ өнеркәсібінде пайдалану үшін (нан өнімдерін өндіру, сыра өндіру).
  • Қой шешегіне, туберкулезге, листериозға, брадзотқа, инфекциялық энтеротоксемияға, қойдың қатерлі ісінуіне және қозылардың дизентериясына, пастереллезге, сібір жарасына, құтыруға, жануарлардың эмфизематозды карбункулына қарсы вакциналар әзірленді.
  • Адамның байытылған функционалдық тамақтануы үшін “Бифидумбактерин” пробиотикалық препараты, “Димицил” және “Биолакт” қоспалары әзірленді және олардың ҚР-да тіркеу сынақтары өткізілді.
  • “Нитрагин” және “Азотты бекітетін бактерияларға негізделген топырақ құнарлылығының полифункционалды активаторы” биологиялық тыңайтқыштары, инсектицидтік препараттар: “Биомикол”, “БиоКенБид”, “Биоларвицид”, “Биотурин”, “Биопрожест”, “Биокомарин”әзірленді.

 

Қызметтер

  • Пробиотикалық қасиеттері бар сүт өнеркәсібі мен диеталық қоспалар үшін ашытқы жасау;
  • Сүт өнеркәсібіне арналған құрғақ ашытқыны және пробиотикалық қасиеттері бар диеталық қоспаларды өндіру;
  • Аборигендік көмірсутекті тотықтырғыш микроағзалардын штаммдар негізінде мұнаймен ластанған топырақты тазартуға арналған биопрепарат құру және өндіру;
  • Қазақстан флорасының сирек кездесетін, эндемикалық және жойылып бара жатқан түрлерінің тұқымдарын жинау, өнгіштігін және сақтау мерзімін анықтау.