Ұлттық биотехнология орталығы заңды және жеке тұлғаларға кең ауқымда сараптама жүргізу, зерттеулер орындау үшін құрал-жабдықтар ұсыну жөнінде қызметтер көрсетеді. Бұдан басқа, ҰБО қызметкерлері оқыту семинарлары мен консультацияларөткізеді, ғылыми жұмыстарды рецензиялайды. Қызметтердің толық тізбесі төменде көрсетілген.
Адам генетикасы және медицина
- Адамды генотиптеу.
- Адамның жүрек-қантамыр, онкологиялық ауруларға, асқазан-ішек жолы мен зат алмасу ауруларына генетикалық жағынан бейімдігін анықтау.
- Өмір салтын өзгерту үшін жеке генетикалық талдау жасау.
- Тұқым қуалайтын бүйрек патологиясы бар балаларды сырқат белгісіне дейін ерте кезде диагностикалау.
- мт-ДНҚ мен Y-хромосома пішіні негізінде генетикалық генеалогияны анықтау.
- HLA-пішінді анықтау.
- Жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттер үшін тромболитикалық препараттарды қабылдау мөлшерін жеке таңдау.
- Қан құрамындағы ферменттер, көмірсутек құрамдастар деңгейін, пигментті және су-электролит алмасуларды анықтау.
- Қоспалы сынамалардың мультиплексті анализы әдісімен (MLPA) адамның генетикалық ауруларын Тапсырыс берушінің жиынтығымен детекциялау.
- Адамның қан тобын ПТР әдісімен анықтау.
Молекулалы генетика және генетикалық инженерия
- Өсімдіктер мен жануарларды генотиптеу.
- Бактериялар мен вирустардың нуклеотидті тізбектілігін толық геномды және ішінара анықтау.
- Бактериялар, өсімдіктер мен жануарларды молекулалы-генетикалық әдістермен түрлеріне қарай бір жүйеге келтіру.
- Көптеген рет қайталанатын тандемді мультилокусты талдау әдісін (MLVA) пайдаланып, бруцеллаларды генотиптеу.
- Өсімдіктердің, жануарлардың және тағам өнімдерінің үлгілерінен ДНҚ мен РНҚ бөліп алу.
- Олигонуклеотидтер синтезі 150-ге дейінгі қоспалар.
- Флуоресцентті-таңбаланған олигонуклеотидтер мен TaqMan-зонды синтезі.
- de novo гендерінің 500 п.о.-дан 3000 п.о-ға дейін синтезі.
- Бактериялар, ашытқылар, сүт қоректілер мен өсімдіктердің жасушаларында гендерді клондау және рекомбинантты ақуыздарға қол жеткізу.
Экология және биоремедиация
- Өсімдіктерге, топырақ пен су қоймаларына микробиологиялық талдау жүргізу.
- Консультационное сопровождение Биоремедиациялық жұмыстарға консультациялық қолдау көрсету.
- Табиғи ортаға экологтық-аналитикалық мониторинг жасау.
- Қоршаған орта объектілерінде ауыр металдардың болуын атомдық-адсорбционды спектрофотометрия тәсілімен анықтау.
Жасушалық биология және иммунология
- Адам мен жануарлардың діңгекті жасушалары культурасына қол жеткізу.
- Адам мен жануарлардың мезенхимальды және плюрипотентті діңгекті жасушаларын сәйкестендіру.
- Діңгекті жасушалардың дифференциалды әлеуетін (потенциалын) бағалау.
- Жасуша культураларын микоплазмалармен контаминациялануына (былғануына) тестілеу.
- Биопрепараттардағы бактериялы эндотоксиндердің деңгейін сан жағынан айқындау.
- Диплоидты адам фибробласттарына және қорытылатын жасуша линияларын алу мен культивирлеу.
- Биологиялық белсенді қоспаларға, патогендерге және жасуша маркерлеріне қарсы поликлональды және моноклональды антиденелерді алу.
- Пероксидазамен коньюгирленген түр-тұқымға қарсы антиденелерге қол жеткізу немесе FITS.
Өсімдік шаруашылығы
- Шыны түтікшедегі өсімдіктерді микроклональды көбейту, картоптың элита, суперэлита және супер-супер элита сорттарының шағын түйнектерін алу.
- Картоптың вирустық инфекцияларын ИФТ мен ПТР әдісімен сәйкестендіру.
- Ағаш өсімдіктерін микроклональды көбейту, екпе көшеттері мен көшеттерін алу.
- Ағаш өсімдіктерін вирустық, саңырауқұлақ пен бактериальды аурулардан сауықтыру.
- Бұршақ дәнді өсімдіктерде ақуыздар қорының бар-жоғына изоферментті талдау мен оны анықтау.