Құрметті достар!
Еліміздегі жетекші биологиялық ғылыми мекеме – «Ұлттық биотехнология орталығы» сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт Сіз үшін пайдалы ақпарат пен қызықты жаңалықтардың көзі болады деп үміттенеміз.
Ұлттық биотехнология орталығы үшін елдегі ғылым саласын дамыту – басты мақсат болып табылады. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы мен іргелі рөлі анық белгілі. Ғылымның дамуы арқылы өмір сүру сапасы жақсарып, адамзат жаңа белестерге жетеді. Сондықтан да егемендікті алғалы елімізде ғылымның дамуын айқындайтын стратегиялық қадамдар әзірлеуге көп күш жұмсалды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ұлттық биотехнология орталығы» құрылды, бұл біздің елімізде биотехнологияның дамуындағы елеулі қадам болды. Біздің орталық жас және тәжірибелі ғалымдардың пікір алмасуына ықпал етеді, ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты сақтайды, биотехнология саласында оқыту мен өзара әрекеттесуді кеңейтудің негізі болып табылады.
Ұлттық биотехнология орталығы биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды жүзеге асырады. Біз биотехнологиялық жетістіктерді қоғам игілігіне қолдану үшін өмір туралы ғылымдар мен технологиялар саласындағы пәнаралық зерттеулерді дамытуға тырысамыз. Біздің миссиямыз – елдегі биотехнология саласын рентабельді бизнеске айналдырып, сапалы және жоғары деңгейлі ғылым стандарты болу.
Біздің орталық кәсіби мамандарымен және өршіл қызметкерлерімен мақтанады. Қазіргі таңда ұжымда биотехнология, молекулалық биология, генетика, биохимия, микробиология, вирусология, иммунология және фармакология салаларында 250-ден астам жоғары білікті мамандар бар. Олардың ішінде 15 ғылым докторы, 44 ғылым кандидаты, 28 PhD докторы, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Чехия университеттерінде білім алған 8 түлек бар. Біздің қызметкерлердің көпшілігі таяу және алыс шетелдердің үздік ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтті.
Біз үнемі білімімізді шыңдап отырамыз және соңғы ғылыми жетістіктерден хабардар болуға ұмтыламыз. Сондықтан да біздің орталықта биология мен биотехнологияның әртүрлі салаларының жетекші ғалымдары мен мамандарының, сондай-ақ зертханалық құрал-жабдықтарды шығаратын белгілі компаниялардың өкілдерінің қатысуымен дәрістер мен оқыту семинарлары үнемі өткізіліп тұрады. Осы іс-шаралардың арқасында біздің қызметкерлер АҚШ, Ресей, Германия, Франция, Корея және Израиль ғалымдарымен және мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Сайтта негізгі нормативтік құжаттар туралы толық ақпарат, біздің ғалымдарымыз бен басқармамыз туралы ақпарат ала аласыз, ғылыми топтардың жұмысының нәтижелерімен танысып, Ұлттық биотехнология орталығының өміріндегі соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
Веб-сайттағы сапарыңыз қызықты әрі пайдалы болсын! Біздің орталық сіз үшін шабыт пен білім көзі бола алады деп сенеміз.
Құрметпен,
Огай Вячеслав Борисович
Бас директордың міндетін атқарушы
Ұлттық биотехнология орталығы