Мамандардың бағалауы бойынша Жер бетіндегі құрлықтың шамамен 75%-ы адам әсерінен елеулі өзгерістерге ұшыраған. Өсімдіктердің жойылып кетуіне басты қауіп ретінде ауыл шаруашылығы, әсіресе интенсивті өсімдік және мал шаруашылығы анықталған. Халық санының өсуі биологиялық әртүрлілікке, соның ішінде дәрілік, тағамдық және сәндік қасиеттері бар өсімдіктерге кері әсерін тигізуде. Қазақстанда өсімдіктердің 14%-ы эндемик болып табылады, ал биоалуантүрлілікті сақтау – елдің экологиялық тұрақтылығы мен халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етудегі басым міндет ретінде белгіленген.
Ледебур бадамы (Amygdalus ledebouriana) — Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енген эндемикалық және жойылып бара жатқан түр. Ол Алтайдың оңтүстік-батыс баурайларында, Тарбағатайда, Жоңғар Алатауында және Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өседі. Бұл түр жоғары сәндік қасиеттерімен ерекшеленеді, сүйекті дақылдарға телітуші ретінде, селекцияда және топырақ эрозиясынан қорғау үшін пайдаланылады.
Оны тиімді сақтау үшін in situ және ex situ әдістерін біріктіріп қолдану қажет. Қазіргі заманғы биотехнологиялар өсімдіктер ресурстарын қысқа, орта және ұзақ мерзімді сақтауға мүмкіндік береді, соның ішінде микроклоналды көбейту, баяу өсу мәдениеті және криосақтау әдістері бар. Бұл тәсілдер in vitro коллекциялар мен криоколлекциялар құру арқылы генофондты сенімді түрде сақтауға мүмкіндік береді. A. ledebouriana-ны сақтау бойынша әлемде арнайы зерттеулер аз жүргізілген, сондықтан бұл бағытта биотехнологиялық негізді қалыптастыру аса маңызды.
Биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында эндемикалық, жойылып бара жатқан Ледебур бадамы (Amygdalus ledebouriana) түріне арналған микроклоналды көбейту, орта мерзімді сақтау және криосақтау технологиясын әзірлеу.
Ледебур бадамына арналған 3 жаңа технология әзірленеді: микроклоналды көбейту, орта мерзімді сақтау және криосақтау. Бұл технологиялар негізінде A. ledebouriana түрінің кемінде 5 популяциясының коллекциялары құрылады.
1200 клон микроклоналды көбейтіліп, оның 500-і in vitro жағдайында тамырландырылады және 250 тамырланған өсімдік топырақта бейімделіп, жылыжайда өсіріледі.
Орта мерзімді сақтау үшін 700 in vitro үлгісі бар коллекция және 700 экспланттан тұратын криоколлекция құрылады. Криосақтау алдындағы және кейінгі тін құрылымдарының өзгерістерін бақылау үшін гистологиялық талдау жүргізіледі. in vitro және криосақтаудан кейін алынған клондардың біртектілігін бағалау үшін SSR-маркерлер негізінде молекулалық-генетикалық талдау жасалады.
Қакимжанова Алмагүл Апсаламқызы, биология ғылымдарының докторы, Хирш индексі – 4. Researcher ID – I-3841-2017 ORCID ID – 0000-0002-7797-6867 Scopus ID – 56031411400
Нұртаза Айдана Серікболқызы, PhD, ғылыми қызметкер, өсімдіктер биотехнологиясы, селекциясы және молекулалық биологиясы саласында тәжірибелі. Web of Science және Scopus базаларында 11-ден астам жарияланымы бар. Хирш индексі – 3. Researcher ID – AEE-6834-2022 ORCID ID – 0000-0001-6934-3747 ScopusID – 57389205700
Есимсеитова Әсел Қайратқызы, ғылыми қызметкер, 25 ғылыми мақала авторы. Хирш индексі – 1. Researcher ID: P-9837-2017 ORCID: 0000-0002-5428-1915 Scopus ID: 57389169700
Магзумова Гүлмира Қозықызы, агроном маманы, 30 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 5 шетелдік және 10 ұлттық журналда.
Дюсембекова Дамира Әділқызы, кіші ғылыми қызметкер, 11 мақала және 1 патент авторы. Хирш индексі – 3. ORCID: 0000-0002-1621-0577
Жаныбекова Жанаргүл Тоқтамысқызы, НЦБ зертханасының кіші ғылыми қызметкері. Жобалармен жұмыс өтілі – 8 жыл, 10 ғылыми мақала авторы.
Абдрахманова Айша Бауыржанқызы, магистрант, зертханашы. Өсімдіктер биотехнологиясы мен селекциясы саласында тәжірибесі бар. Web of Science және Scopus базасындағы 4 мақала авторы.
Ледебур бадам ағашының эндемиялық, жойылып бара жатқан түріне арналған микроклондық көбейту, орташа мерзімді сақтау және криоконсервациялау технологиялары алғаш рет әзірленіп, биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында кемінде 5 популяцияның коллекциясы құрылды. Ледебур бадам ағашының 1200 клондары микроклондық көбейтіліп, 500 клоны in vitro жағдайында тамырланған және 250 клон топырақ субстратында сәтті бейімделген.