AP14869409 «Қызыл кітапқа енген Янчевский қарақаты (Ribes janczewskii) түрін сақтау және көбейту үшін биотехнологиясын әзірлеу»

Өзектілігі

Жобаның негізгі идеясы – биотехнологиялық тәсілдер негізінде Янчевский қарақатының сирек және жойылып бара жатқан түрін сақтау және көбейту. Қазақстан өсімдік биоресурстарының әртүрлілігі жағынан Орталық Азия елдері арасында жетекші орын алады. Өсімдіктердің көптеген түрлері тіршілік ету ортасының бұзылуы, шамадан тыс жиналу және климаттың өзгеруі салдарынан жойылып кету қаупіне ұшырауда. Қазақстан флорасының шамамен 12%-ы эндемик болып табылады, олардың көпшілігі сирек және жойылып бара жатқан санатта.

Янчевский қарақаты бұрын Орта Азия тауларындағы (Тянь-Шань, Памир-Алай) өзен аңғарларында кең таралған, қазіргі уақытта бұл түр жойылу шегінде және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл өсімдік көктемгі үсікке төзімділігімен, кеш гүлдеуімен, зиянкестер мен ауруларға (ұнтақты зең, септориоз) қарсы тұруымен, С дәрумені, полифенолдар мен антоциандардың жоғары мөлшерімен ерекшеленеді.

In vitro өсіру мен криоконсервация секілді биотехнологиялық әдістер сирек кездесетін өсімдіктердің жаппай көбеюі, сақталуы және табиғатқа қайтарылуы үшін тиімді құрал болып табылады.

Мақсаты

Ribes janczewskii сирек түрін сақтау және қалпына келтіру үшін оның микроклоналды көбеюі, орта мерзімді сақталуы және криоконсервациясы технологиясын биотехнология негізінде әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер

Янчевский қарақаты үшін алғаш рет микроклоналды көбейту технологиясы әзірленеді. Ол үшін in vitro жағдайында мультипликация және тамырландыруға арналған оңтайлы жағдайлар анықталады. Тамырланған клондарды топырақ субстратына бейімдеу әдістері іріктеледі. 1000 клон микроклоналды көбейтіледі, 500 клон in vitro тамырланады, 300 клон топырақ субстратында бейімделеді.

Янчевский қарақаты өркендерін in vitro жағдайында орта мерзімді сақтау технологиясы алғаш рет әзірленеді. Бұл үшін қоректік орталар, температура, жарық режимі, өсу тежегіштері зерттеледі. Орта мерзімді сақтаудан кейін экспланттардың тіршілікке қабілеттілігі үшін қоректік орталар іріктеледі. Орта мерзімді сақтау негізінде 500 үлгіден тұратын in vitro коллекциясы жасалады.

Янчевский қарақаты экспланттарын криоконсервациялау технологиясы алғаш рет әзірленеді. Криоқорғағыш агенттердің түрі мен концентрациясы, мұздату жылдамдығы, эксплант түрлері іріктеледі. Криоконсервациядан кейінгі тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз ететін қоректік орталар анықталады. 500 экспланттан тұратын криоколлекция құрылады.

Жоба жетекшісі

Нұртаза Айдана Серікболқызы, PhD, Хирш индексі – 3 https://www.scopus.com/authid/detail.uri? authorId=56016939200 https://orcid.org/ 0000-0002-6796-5136

Зерттеу тобының мүшелері

Қакимжанова Алмагүл Апсаламқызы, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы. Хирш индексі (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56031411400). http://www.researcherid.com/rid/I-3841-2017  http://orcid.org/0000-0002-7797-6867

Магзумова Гүлмира Қозықызы, агрономия маманы, 20 ғылыми еңбек, оның ішінде 2 – импакт-факторлы шетелдік журналдарда, 5 – ККСОН журналдарында.

Есимсеитова Әсел Қайратқызы, биология магистрі, 25 ғылыми еңбек, 3 – шетелдік рецензияланған журналдарда, 7 – ККСОН журналдарында. https://orcid.org/ 0000-0002-3563-1844

Каримова Венера Қонысбайқызы, ауыл шаруашылығы магистрі, https://orcid.org/ 0000-0002-6713-6709

Дюсембекова Дамира Әділқызы, технология ғылымдарының магистрі, кіші ғылыми қызметкер. https://orcid.org/0000-0002-1621-0577. Хирш индексі – 3.

Жоба тақырыбы бойынша жарияланымдар мен қорғау құжаттары

  1. Нұртаза А.С., Дюсембекова Д.А., Исламова С.С., Саматова И.Н., Умирзакова А.Т. Оптимизация условий микроклонального размножения и среднесрочного хранения in vitro редкого вида смородины Янчевского для сохранения. Вестник Карагандинского университета. Серия: Биология. Медицина. География, 2023, №3(111), с. 125–137. https://doi.org/10.31489/2023BMG3/125-137
  2. Nurtaza A., Dyussembekova D., Islamova S., Samatova I., Zhanybekova Z., Umirzakova A., Magzumova G., Muranets A., Kakimzhanova A. In Vitro conservation and genetic diversity analysis of rare species Ribes janczewskii. Scientific Reports, 2024. https://doi.org/10.1038/s41598-024-82320-y
  3. Способ микроклонального размножения и сохранения смородины Янчевского. Полезная модель РК №9742 от 24.07.2024. Авторы: Нұртаза А.С., Дюсембекова Д.А., Исламова С.С., Саматова И.Н., Умирзакова А.Т.
  4. Nurtaza A.S., Islamova S.S., Samatova I.N., Kakimzhanova A.A. Propagation and conservation by tissue culture technique of the rare species of Ribes janczewskii – The International Conference on Plant Biology and Biotechnology. – Алматы, 2024. – 31 с.
  5. Саматова И., Дюсембекова Д., Исламова С., Какимжанова А. Подбор эксплантов Ribes janczewskii для криосохранения- Международная научная конференция «Астана Биотех 2024». – Астана, 2024. – 164 с.

Алынған нәтижелер

Янчевский қарақатының микроклондық көбейту технологиясы алғаш рет әзірленіп, 1000 клон алынған, оның 500-і in vitro жағдайында тамырланған және 300 клон топырақ субстратында бейімделген. Янчевский қарақатының in vitro жағдайында орташа мерзімді сақтау технологиясы әзірленіп, сақтау және көбейту үшін 500 үлгіден тұратын коллекция құрылды. Янчевский қарақатының экспланттарын криоконсервациялау технологиясы әзірленіп, ұзақ мерзімді сақтау үшін 500 үлгіден тұратын криоколлекция жасалды.