Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин “QazBioPharm “Ұлттық холдингі” АҚ, “Ұлттық биотехнология орталығы”ЖШС-де болды

15.06.2023

3188

фото: Instagram/test

Сапар барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минді және онымен бірге жүретін ұйым хатшылығының лауазымды адамдарын ғылым мен технологияларды дамыту саласындағы негізгі бағыттар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде “QazBioPharm “Ұлттық холдингі” АҚ Бас директоры Ерғали Әбдірайымов Ұлттық биотехнология орталығы “QazBioPharm” қызметі туралы айтып берді.

Қонақтар Ұлттық биотехнология орталығының “Қолданбалы генетика”, “Діңгек жасушалары” зертханаларына барды.

Кездесу барысында қытай тарапының қатысуымен геномдық орталықты ашу мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға, спикерлермен қонақ лекторлар ретінде алмасуға, Биотехнология мәселелерінде сарапшыларды тартуға дайын екендіктерін білдірді.