11.12.2024
172
фото:
2024 жылғы 6 желтоқсанда “Ғылымға негізделген экономика | Science-driven economy | Наукоемкая экономика” тақырыбы бойынша Young Researchers Alliance (YRA) IV форумы өтті. Шара жас зерттеушілерді, салалық көшбасшыларды, саясаткерлерді, бизнес өкілдерін және студенттерді пікір және тәжірибе алмасу мақсатында бір арнаға тоғыстырды.
Форум түрлі экономикалық салаларда ғылыми тәсілдерді қолдану мәселелерін талқылауға арналған ерекше алаң болды. Бағдарламаға пленарлық баяндамалар, арнайы тақырыптық сессиялар және жас қазақстандық зерттеушілердің жетістіктерін таныстыратын постерлік презентациялар кірді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас зерттеушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық биотехнологияның адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабагин жас ғалымдар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелерін бөлісіп, негізгі кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылады.
Қатысушылар жас зерттеушілердің бастамаларын ілгерілетуді және олардың Қазақстанның ғылымға негізделген экономикасын қалыптастырудағы рөлін күшейтуді жалғастыру қажеттігін атап өтті. Форум шабыттандыратын сөздермен аяқталып, елдің тұрақты болашағының іргетасы ретінде ғылымды одан әрі дамытуға деген сенімін нығайтты.