16.02.2024
4677
фото:
Құрметті достар!
Биылғы жылдың 30-31 мамырында Ұлттық биотехнология орталығының 30 жылдығы аясында «Астана Биотех 2024» халықаралық ғылыми конференциясы өтетінін қуана хабарлаймыз.
«Астана Биотех 2024» конференциясы беделді форум болып табылады, оның аясында ғылым, бизнес және білім, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстандағы, шетелдегі биотехнология саласындағы озық ғылыми жаңашылдықтармен танысады. Конференция биотехнология саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған кешенді шешімдерді тұжырымдау үшін тікелей байланыс платформасын ұсынады.
Іс-шараға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарының, жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары мен мамандары қатысады.
Конференция бағдарламасында Биология, Биотехнология және биомедицина саласындағы ғылыми жобаларды таныстыра отырып, пленарлық және секциялық отырыстар, стендтік сессиялар мен дөңгелек үстелдер, биотехнология саласындағы жетекші компаниялардың жабдықтарын, технологияларын, қызметтері мен мүмкіндіктерін көрсете отырып көрмелер өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ көрнекті биологтардың, ботаниктер мен генетиктердің қатысуымен «Қазақстанның өңірлік флорасы: әртүрлілік, генетика және қорғау» тақырыбында шағын симпозиум өтеді.
Күтілетін іс-шараның маңызды элементі «Үздік ауызша баяндама» және «Үздік стендтік баяндама» байқауларын өткізу болып табылады. Конференция материалдарының тезистері арнайы жинақта (электронды нұсқада) жарияланады, сондай-ақ конференция сайтына шығарылады.
Барлық ниет білдірушілерді «Астана Биотех 2024» жұмысына қатысуға шақырамыз! www.astanabiotech2024.biocenter.kz
Конференцияға қатысу шарттары бойынша +7(7172) 70-75-60, +7(7172) 70-75-57, e-mail: astanabiotech2024@biocenter.kz арқылы байланыса аласыз.