«Астана Биотех 2024» атты халықаралық конференцияның қорытындылары туралы

20.09.2024

1773

фото:

2024 жылғы 13 қыркүйекте Астана қаласында Ұлттық биотехнология орталығының 30-жылдығына арналған «Астана Биотех 2024» атты  халықаралық конференция аяқталды.

Іс-шара денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау,  тамақ және қайта өңдеу өнеркәсіб, биологиялық қауіпсіздікке арналған  биотехнологиялар саласындағы қазақстандық және шетел ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін көрсету мақсатында өткізілді.

Конференция жұмысында Қазақстанның және шет мемлекеттер:

  1. Германия
  2. Венгрия
  3. Голландия
  4. Қытай
  5. АҚШ
  6. Пәкістан
  7. Ресей
  8. Беларусь
  9. Өзбекстанның 30-дан астам ғылыми-зерттеу институттарынан, ғылыми  орталықтары мен университеттерінен келген 350-ден аса ғалымдар атсалысты.

Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстар болып өтті, онда 4 секция бойынша ауызша және стендтік баяндамалар таныстырылды.

Конференцияда:

  • биомедицина
  • геномика
  • регенеративтік медицина
  • ауыл шаруашылығы биотехнологиясы
  • экологиялық биотехнология
  • тамақ биотехнологиясы
  • биоқауіпсіздік бағыттары бойынша 40 стендтік баяндама көрсетілді.

Конференцияда әйгілі шетелдік және қазақстандық ғалымдар баяндама жасап, сөз сөйледі, соның ішінде:

Рафаэль Сонг – Биоинженерия бағдарламасының басшысы, Машина жасау және биоинженерия  кафедрасының доценті (Нью-Йорк университеті, Абу-Даби)

Момыналиев Куват Темиргалиевич – биология ғылымдарының кандидаты, доцент (Ресейденсаулыққадағалау «Бүкілресейлік медициналық техниканы ғылыми-зерттеу және сынау институты», Ресей).

Йожеф Шоки – PhD (Сегед университеті жанындағы Медициналық микробиология институты, Венгрия)

Мокроусов Игорь Владиславович – биология ғылымдарының докторы, (Пастер атындағы Санкт-Петербургтің  эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты, Ресей)

Даниленко Валерий Николаевич – биология ғылымдарының докторы, профессор (РҒА Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институты, Ресей)

Филипенко Максим Леонидович – биология ғылымдарының докторы, (РҒА СБ Химиялық биология және фундаментальды медицина институты, Ресей)

Дос Сарбасов – PhD (Назарбаев Университет)

Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы – биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

Саданов Амангелді Құрбанұлы – биология ғылымдарының докторы,, профессор (Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы)

Тұрыспеков Ерлан Кеңесбекұлы – биология ғылымдарының кандидаты (Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты)

Сүлейменов Марат Қамытбекұлы – биология ғылымдарының кандидаты (С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті).

Конференция аясында іс-шара демеушілерінің қатысуымен көрме ұйымдастырылған болатын, онда зертханалық құрал-жабдықтарды, реагентиктер мен биотехнологиялық өнімдерді өндірушілер мен жеткізушілер, соның ішінде өз өнімдерін:

  1. VELD
  2. ZALMA Ltd.
  3. BLK BIOMEDICAL
  4. DeltaLab
  5. JUGGERNAUT
  6. NGTbio
  7. OPTONIC
  8. Аdvena
  9. The SAY CHEM Kazakhstan
  10. Альгимед
  11. Биокоммерц плюс
  12.  Carl Zeiss
  13.  Mediland
  14.  TechPrime
  15. INOS
  16. Tethys
  17. MicroSolutions
  18. Ұлттық биотехнология орталығы таныстырды.

Сондықтан болып өткен Астана Биотех  ісшарасы биотехнологиялар саласының озық үлгілі ғылыми бағыттарын кеңінен талқылауға, конференцияға қатысушы елдердің ғалымдары арасында тығыз ғылыми және іскерлік байланыс орнауына септігін тигізеді, осылайша биотехнологиялар нарығын, инновациялық биотехнологиялық әзірлемелерді экономиканың іске асатын шынайы секторына тиімді енгізу тетіктерін дамытуға үлес қосудамыз деген сенімдеміз

Ұйымдастыру комитеті