«Ең үздік ғылыми мақала 2023» Байқауы туралы хабарландыру!

Құрметті әріптестер!

Біз «Eurasian Journal of Applied Biotechnology» (www.biotechlink.org) журналында 2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында жарияланатын тәжірибелік және шолу мақалалары үшін «Ең үздік ғылыми мақала 2023» байқауын жариялауға қуаныштымыз. Марпат 1 шолу және 2 тәжірибелік мақалаға беріледі. Мақалалар «Eurasian Journal of Applied Biotechnology» журналының бас редакторы басқаратын марапаттау комиссиясының мұқият бағалауынан кейін таңдалады.

Марапат алу құқығына ие

  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында «Eurasian Journal of Applied Biotechnology» журналында жарияланған мақалалар;
  • Барлық ғалымдар шектеусіз қатыса алады.

Таңдау критерийлері

Мақалаларды марапаттау комиссиясы төмендегі критерийлер бойынша таңдайды:

  • Ғылыми жаңалығының деңгейі;
  • Зерттеудің өзіндік құндылығы. Гипотезаның болуы;
  • Ғылыми маңыздылығы;
  • Алынған мәліметтердің сапасы (статистикалық өңдеу, нәтижелерді тексеру);
  • Баяндама айқындығы;
  • Мақалаға сілтемелер саны.

Номинациялар

  • Ең үздік шолу мақаласы: 250 000 теңге.
  • Ең үздік тәжірибелік мақала: 250 000 теңге (екі марапат).
  • Барлық жеңімпаздарға «Ең үздік ғылыми мақала 2023» сертификаты беріледі.

Жеңімпаздар 2024 жылы маусым айында журнал сайтында (www.biotechlink.org) және Ұлттық биотехнология орталығының сайтында (www.biocenter.kz)   жарияланатын болады.

Құрметпен,

«Eurasian Journal of Applied Biotechnology» журнал редакциясы!