«Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі-ҰБО) 30 жылдығына арналған «Eurasian Journal of Applied Biotechnology» ғылыми журналының арнайы шығарылымына мақалалар қабылдау ашылды
Құрметті әріптестер,
Сіздердің назарларыңызға ҰБО-ның 30 жылдығына арналған «Eurasian Journal of Applied Biotechnology» ғылыми журналының арнайы шығарылымын ұсынуға қуаныштымыз.
Еуразиялық Қолданбалы биотехнология журналы (eISSN 2617-1147) – заманауи биотехнологияның барлық негізгі салаларында түпнұсқа іргелі және қолданбалы зерттеулерді, хаттарды, шолу және гипотетикалық мақалаларды жариялайтын халықаралық рецензияланатын ашық қолжетімділік журналы.
Басылым ғылыми және техникалық мамандарға, сондай-ақ әлемдік биотехнологияның соңғы жетістіктерінен хабардар болғысы келетін зияткерлік оқырмандардың кең ауқымына арналған.
2023 жылғы 19 қарашаға дейін ғылыми журналдың арнайы шығарылымына мақалалар беру ашылды, дайындалып жатқан Арнайы шығарылым «2018-2022 жылдар кезеңіндегі Қазақстанның биотехнологиясы саласындағы заманауи жетістіктерге шолу» тақырыбына бағытталған.
Журнал келесі сұрақтарды қамтуды жоспарлап отыр:
Рецензиялау қорытындысы бойынша қабылданған мақалалар түсуіне қарай онлайн жарияланатын болады.
Мақалаларды жариялау шарттары туралы көбірек білуге болады https://biotechlink.org
Құрметпен,
«Eurasian Journal of Applied Biotechnology» журналының бас редакторы