AP23487856 «Қазақстанда коксиеллездің таралуын зерттеу және оны диагностикалау үшін отандық ИФА тест жүйесін жасау»

Өзектілігі

«Ку-безгегі» (коксиеллез) – зоонозды ауру болып табылады, оның негізгі тасымалдаушылары – ірі қара мал, қой және ешкі. Ауру Coxiella burnetii бактериясының әсерінен туындайды, ол инфицирленген жануарлардың зәрі, нәжісі, сүті және туу өнімдері арқылы қоршаған ортаға таралады. Бактерияның ерекшелігі – оның жоғары тұрақтылығы және төмен вирулентті дозасы. Инфицирленген адамдардың шамамен 50%-ында тұмауға ұқсас симптомдар байқалады, ал науқастардың шамамен 40%-ы стационарлық емдеуді қажет етеді. Ку-безгегі созылмалы шаршау синдромына, созылмалы жүрек ауруларына және созылмалы гепатитке әкелуі мүмкін.

Бұл инфекцияға эпидемиологиялық бақылау жүргізудің маңыздылығын көрсететін айқын мысал – 2007–2010 жылдары Нидерландыда болған эпидемия, оның барысында 4000-нан астам науқас тіркелді, бұл денсаулық сақтау саласындағы айтарлықтай экономикалық шығындарға және мал шаруашылығындағы залалдарға әкелді. Бұрынғы зерттеуіміз оңтүстік Қазақстан өңірінде C. burnetii патогенінің кең таралғанын анықтады, мұнда үй жануарлары арасында серопреваленттілік 80%-ға дейін жетіп, ПЦР-позитивті жануарлардың анықталуымен корреляцияланған аймақтар белгіленді. Оңтүстік Қазақстан халқының серомониторингі кезінде медицина мамандары анықтамай қалған өткір және созылмалы қу-безгегі жағдайлары да тіркелді. Алайда, осы инфекция бойынша жүйелі эпидемиологиялық бақылау болмағандықтан, қалған Қазақстан аумағында патогеннің айналымы жеткілікті түрде зерттелмеген болып қалады. Сонымен қатар, бұл ауруды мониторинг жүргізу үшін отандық диагностикалық тест жиынтығының болмауы да өзекті мәселе болып табылады.

Мақсаты

Қазақстан аймақтарындағы коксиеллезге қатысты ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды зерттеу және Coxiella burnetii-ге қарсы антиденелерді анықтауға арналған қатты фазалы иммунноферментті талдау (ИФА) негізіндегі отандық тест жүйесін әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер

  • Қазақстанның батыс, шығыс, орталық және солтүстік өңірлеріндегі үй жануарлары мен иксодалық кенелерден C. burnetii инфекциясына шалдыққандықты анықтау мақсатында зерттеу жүргізу.
  • Қазақстан аумағында айналымда болатын C. burnetii варианттарын генетикалық сипаттау.
  • Коксиеллезді серологиялық диагностикалау үшін тест-жүйесін әзірлеуге арналған C. burnetii Com1 рекомбинантты антигенін алу.
  • Қатты фазалы иммунноферменттік талдау (ИФА) негізінде C. burnetii-ге қарсы антиденелерді анықтайтын тест-жүйесінің жұмыс үлгісін жасау.

Жоба жетекшісі

Дмитровский Андрей Михайлович, м.ғ.д., профессор – жоба жетекшісі, Ұлттық биотехнология орталығының Сараптама және диагностика зертханасының меңгерушісі м.а. Хирш индексі: 3. ORCID: 0000-0003-4714-3079. Scopus ID: 57204864464. Web of Science ID: ABA-3123-2021.

Орындау тобының мүшелері

Перфильева Юлия Викторовна, PhD (биология), қауымдастырылған профессор – жоба жауапты жетекшісі, ҰБО Иммунология және иммунобиотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Хирш индексі: 7. ORCID: 0000-0001-6803-0773. Scopus ID: 56823500600. Web of Science ID: AAF-9666-2020.

Низкородова Анна Сергеевна, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҰБО Инновациялар және әзірлемелер бөлімінің бастығы. Хирш индексі: 1. ORCID: 0000-0002-1597-7207. Scopus ID: 57215971184. Web of Science ID: AAF-9666-2020.

Машжан Ақжігіт Сембайұлы, PhD (биотехнология), ҰБО Молекулалық биология зертханасының аға ғылыми қызметкері. Хирш индексі: 3. ORCID: 0000-0002-9516-5566. Scopus ID: 57211535534. Web of Science ID: E-2260-2016.

Остапчук Екатерина Олеговна, PhD (биология), қауымдастырылған профессор, ҰБО Иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі. Хирш индексі: 9. ORCID: 0000-0002-3771-423X. Scopus ID: 56823472400. Web of Science ID: D-1254-2015.

Абдолла Нұршат, PhD (биология), ҰБО Иммунология және иммунобиотехнология зертханасының аға ғылыми қызметкері. Хирш индексі: 6. ORCID: 0000-0002-4769-7824. Scopus ID: 57194001982. Web of Science ID: R-2193-2016.

Лушова Анжелика Витальевна, PhD-докторанты (биотехнология), ҰБО Иммунология және иммунобиотехнология зертханасының кіші ғылыми қызметкері. Хирш индексі: 1. ORCID: 0000-0003-3816-8370.

Жоба жетекшісі мен зерттеу тобының мүшелерінің жоба тақырыбы бойынша жарияланымдары

  1. Perfilyeva Y.V., Shapiyeva Z.Zh., Ostapchuk Y.O., Berdygulova Z.A., Bissenbay A.O., Kulemin M.V., Ismagulova G.A., Maltseva E.R., Skiba Y.A., Sayakova Z.Z., Mamadaliyev S.M., Dmitrovskiy A.M. Tick-borne pathogens and their vectors in Kazakhstan – a review//Ticks Tick Borne Dis. – 2020. – N.11(5). – e:101498. https://doi.org/10.1016/j.ttbdis.2020.101498. IF 3.7; Q2 (WoS); Cite score 5.2; SJR 1.182; percentile 91(Scopus), 17 цитирований.
  2. Perfilyeva Y.V., Berdygulova Z.A., Mashzhan A. S., Zhigailov A.V., Ostapchuk Y.O., Naizabayeva D.A., Cherusheva A. S., Bissenbay A.O., Kuatbekova S., Abdolla N., Maltseva E.R., Nizkorodova A.S., Kulemin M. V., Shapiyeva Z.Z., Sayakova Z. Z., Perfilyeva A. V., Maltseva E. R., Skiba Y.A., Mamadaliyev S.M., Dmitrovskiy A.M. Molecular and seroepidemiological investigation of Сoxiella burnetii and spotted fever group rickettsiae in the southern region of Kazakhstan //Ticks Tick Borne Dis. – 2023. – N.14. – e:102240. https://doi.org/10.1016/j.ttbdis.2023.102240. IF 3.7; Q2 (WoS); Cite score 5.2; SJR 1.182; percentile 91 (Scopus), 0 цитирований
  3. Turebekov N., Abdiyeva K., Yegemberdiyeva  R., Dmitrovsky A., et al. Prevalence of Rickettsia species in ticks including identification of unknown species in two regions in Kazakhstan//Parasites and Vectors. – 2019. – N.12. – e:197. https://doi.org/10.1186/s13071-019-3440-9. IF 2.824; Q1 (WoS). Cite score 5.3; SJR 1.406; percentile 87 (Scopus), 25цитирований.

Қол жеткізілген нәтижелер

  1. Қазақстанның шығыс және орталық өңірлерінде кенелерді жинау, олардың морфологиялық сәйкестендірілуі, гомогенаттардан ДНҚ бөліп алу, сондай-ақ жиналған үлгілерге ПТР талдауы жүргізілді. Барлық ПТР-оң кене пулдары өсімдіктерден алынды; бұл пулдардағы кенелер Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое кентінде жиналды, ал Абай және Қарағанды облыстарында оң үлгілер анықталған жоқ. Алынған деректер Шығыс Қазақстан облысында Ку безгегінің негізгі тасымалдаушылары Dermacentor marginatus немесе Hyalomma anatolicum түрлерінің кенелері болуы мүмкін екенін көрсетеді. Кенелерді жинау және ПТР талдауының нәтижелері GisMap (Esri) бағдарламасында (Mercator координаттар жүйесі) ГАЖ-картографиялау арқылы ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстанның шығыс және орталық өңірлерінде ұсақ малдың сарысу үлгілері жиналды.
  2. Шығыс Қазақстан облысы (Тарғын ауылы) аумағында 94 ұсақ қара малдан (ҰҚМ) 38 қан сарысуы үлгісі жиналып, олар «ID Screen® Q Fever Indirect Multi-species» коммерциялық тест-жүйесін пайдалана отырып, ИФА әдісімен серологиялық талдаудан өтті. Нәтижесінде, зерттелген ауыл шаруашылығы жануарларының Coxiella burnetii I және II антигендеріне жалпы серопозитивтілігі 13,1% құрады (38-дің 5-і; 95% сенімділік интервалы: 4,4–28,1%).
  3. Коммерциялық «АмплиСенс® Coxiella burnetii-FL» РТ-ПТР жүйесін пайдалану арқылы Coxiella burnetii ДНҚ молекуласы анықталған дара кенелерден алынған 10 ДНҚ үлгісі төрт локус бойынша генетикалық сипатталды: Icd (738 ж. о.), 16S рРНҚ (1459 ж. о.), Com1 (775 ж. о.) және IS1111 (670 ж. о.).