Қазақстандық биотехнологтар бизнеспен бірігіп жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп берді

Ұлттық биотехнологиялар орталығы (ҰБО) дербестендірілген және эстетикалық медицинадағы заманауи биотехнологияларымен таныстырды. Брифингте Орталықтың сән және денсаулық саласындағы коммерциялық зерттемелері ортаға салынды. Шараға отандық косметологтар, дәрігерлер, спортшылар және косметологиялық орталықтардың клиенттері қатысты. 

Жиналғандар эстетикалық медицинадағы жаңа процедуралар туралы біле алды: фибробласттарды пайдалануға негізделген SPRS-терапия (Service for Personal Regeneration of Skin); PRP-терапия (Platelet Rich Plasma) – тромбоциттермен байытылған плазманың арқасында терінің қайта қалыпқа келуін ынталандыру; пациенттің өз майлы тінінде стромальді-васкулярлы фракцияны (SVF) қолдануға негізделген инновациялық жасушалық жасарту; денсаулықтың генетикалық паспорты.  

- Бүгін біз қазақстандықтарды, оның ішінде біздің әйелдерді анағұрлым әдемірек, дені сау және косметологиялық қызмет көрсетуде отандық бағытталған болуы үшін екі технологияны ұсынып отырмыз. Шынымды айтуым керек, осылайша ғылымды белсенді коммерциялау біздің үлесіміз емес. Біздің Үкімет, Президент соңғы он жылда өте белсенді түрде экономиканы саралап келеді. Еліміздің саяси аренасында жаңа бағдарламалар мен бастамалар пайда болып жатыр. Барлықтарыңыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғамдық сананы жаңғырту туралы білесіздер. Біздің өміріміздің әрбір саласын қайта құру амалдары, біз ғаламдық әлемде өмір сүргендіктен біз барлығымыз қазіргі заманмен бірге қадам жасауға тырысамыз, - деп бастады брифингті Ұлттық биотехнологиялар орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.     

Жасушалық технологияларды жасап шығару өзектілігі эстетикалық медицинадағы сұраныспен байланысты. Тінді регенерациялау эстетикада ең негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Косметологияда қолданылатын регенеративті медицинадағы қазіргі заманғы зерттемелер ота арқылы жасарту әдістерінің баламасы болып есептеледі. Абсолют қауіпсіздік пен тері бетінің жасару табиғи процесстерін белсенді ету мүмкіндігі – жасарту жасушалық технологияларының басымдылығы. 

Денсаулық саласындағы тағы бір жаңалық – генетикалық паспорт. Жеке генетикалық паспортта генетикалық сараптамаларға негізделген дене белсенділігінің түрлері бойынша ұсыныстар мен түрлі ауруларға бейімділік туралы ақпараттар болады. Осындай паспорттың бары және мамандардың ұсыныстары қазіргі заманғы адамдарға оның өзінің жеке генетикалық сипаттамасына сай салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Осы күні денсаулық сақтауға жеке дара мән бермейінше сұлулық пен жастыққа қол жеткізу мүмкін емес.   

Бүгінгі таңда ҰБО Қазақстандағы ең ірі биологиялық ғылыми орталық болып табылады. Зерттеу салаларының бірі – медициналық биотехнология. ҰБО ғалымдары көптеген табысты коммерцияландырылған өнімдер технологияларының авторлары, олардың қатарында: хирургия мен стоматологияда қолданылатын медициналық желім, шеміршек тіндеріне арналған гидрогель және тағы да басқалары.

 

Дереккөзі: sc.edu.gov.kz

 

Тақырып бойынша сілтемелер:

inform.kz

inform.kz

mk-kz.kz

inform.kz

tengrinews.kz

youtube.com

kazpravda.kz

kazpravda.kz

egemen.kz

sc.edu.gov.kz

today.kz

elorda.info

informburo.kz

newtimes.kz

Share

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар