ҰБО бас директоры Ерлан Раманқұлов Астанада өткен ИЫҰ Саммитінің арнайы сыйлығымен марапатталды

Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитінің арнайы сыйлығымен әртүрлі ғылым салалары ғалымдарын ғылым және технологиялар бойынша салтанатты түрде марапаттау жексенбі күні Астанада өтті.

«Мен ғылым мен технологияларды дамытуға зор үлес қосқан ислам әлемінің ғалымдарын Қазақстанның арнайы сыйлығын беруді ұсындым. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін біз ИЫҰ бас хатшылығымен бірігіп, ислам елдерінің ең үздік ғалымдарын таңдап алып, және оларды саммитке шақырдық», - деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР БҒМ ҒК Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұловқа Қазақстан Президенті биотехнология саласына қосқан еңбегі үшін награда табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында сондай-ақ:

Ыстамбұл Техникалық университетінің профессоры Юсуф Ягчи (химия);

Абдулла Королінің атындағы университеттің профессоры Мохамед-Салим Алауни,  (электротехника);

Гамбия медициналық орталығының бөлім басшысы АссанДжей (вирустық иммунология және медицина мамандарын даярлау);

Мұхаммед В-Агдаль университетінің профессоры РаянЧеркауи эль Мурсли  (ядролық физика).

 

  www.zakon.kz ақпарат көзінің материалдары бойынша.

Share

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар