Қазақстан-Британ Коммерциализациялау форумы

2017 жылғы 21 маусым күні ЭКСПО-2017 көрмесінің Ұлыбритания Павильонында Қазақстан-Британ Коммерциализациялау форумы болып өтті. Ұйымдастырушылары British Counsil (Британдық Кеңес) пен Технологияларды коммерциализациялау кәсіпқойларының альянсы сөз сөйледі.

Университеттердің, ғылыми орталықтардың коммерциализаторлардың өкілдеріне және билік пен бизнес өкілдеріне арналған форум ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Біріккен Корольдіктердің оқыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде өткізілді. Аталмыш іс шара технологияларды коммерциалау саласында пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасу үшін алаң болды. Пленарлық сессия кезінде ғылымды коммерциалау саласында Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы ұйымдарының: Oxford University Innovation, Nesta және University of Manchester қорының өкілдері сөз сөйледі. Осы саладағы қазақстандық тәжірибе Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұловтың, Назарбаев Университетінің вице-президенті Қанат Байғариннің және Технологияларды коммерциализациялау кәсіпқойларының альянсының президенті Әбділда Шәменовтың баяндамаларында қамтып көрсетілді.

Ерлан Мирхайдарұлы Раманқұлов форум барысында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы геотехнология саласындағы инновациялық технологияларды қолдануға негізделген Ұлттық биотехнология орталығының стартаптарын таныстырды. Тұсауы кесілген жобалардың ішінде:

  • Варфарин және Плавикс дәрілерінің мөлшерін анықтау үшін ДНҚ тест -жүйелері;
  • терапевтикалық иммун ынталандыратын және вирусқа қарсы белсенділігі бар рекомбинантты ақуыздарды өндіру;
  • шағын түйнектерден вируссыз картоп түріне қол жеткізудің технологиясы;
  • құрамындағы бағалы металдарды кешенді жолмен бөліп ала отырып, кен қалдықтары мен баланстан тыс кен байлықтарын, терең қайта өңдеудің бактериалды-химиялық технологиясы бар.

Ұлттық биотехнология орталығының әзірлемелері іс жүзінде мақсаттарға қол жеткізуге және халық шаруашылығының әртүрлі салаларының нақты міндеттерін шешуге бағытталған, ал бұл өз кезегінде аталмыш жобаларды коммерциаландыру тәсілін ғылыми ұйымдардың, мемлекет пен бизнестің өзара әрекет ету мәселесінде басты қадам етеді.

Share

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар