Қазақстан ғылымы: кезекте коммерциализация

2017 жылдың 6 қазанында «Хабар» телеарнасының эфирінде “Bilim” білім беру бағдарламасының кезекті шығарылымы шықты. Студия жүргізушісі мен қонақтары Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің коммерцияландыру жағдайын түсінуге тырысты.

Бағдарламаға мүдделі тараптар: ғалымдар, бизнесмендер, заңгерлер және технологияларды коммерцияландыру үшін қаржыландыруды бөлетін мемлекеттік мекемелердің өкілдері.

Бағдарламаны даярлау барысында жүргізушілер әзірлемелерінің келешегі зор және қызығушылық тудыртатын, Ұлттық биотехнология орталығына (ҰБО) барды.  Мысалы, биоадгезивті желім - экологиялық таза, өнеркәсіптік және тұрмыстық қауіпсіз желімдер ретінде, әлемдік стоматология мен хирургияда қажетті заманауи технология. Немесе, «Фитаза» ферменті, жануарлардың, соның ішінде құс пен балық, фосфор сіңімділігін жақсартатын биологиялық қоспа, өз кезегінде бұл олардың өнімділігін көтереді. Биотехнологияны қолдану арқылы алынған фитазасы бар азықты қолдану, малдың қалдықтарында фосфорды азайту арқылы, судың және топырақтың сапасын жақсартады.   

Осы орайда, ҰБО Бас директоры, профессор Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы енгізілуге дайын, әзірлемелерді өнім сатысына дейін дамытатын бизнес сегменттің жоқтығына тоқталды.

Толығырақ: khabar.kz

Share

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар