Биоқауіпсіздік жөніндегі делдалдық механизм

1. Байланыс тармағы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы №579 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №1282 қаулысын іске асыру мақсатында ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК биологиялық қауіпсіздік саласындағы делдалдық механизмді іске асыру жөніндегі байланыс тармағымен анықталды (Биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенцияға (БӘК) қосымша биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасына (БКХ) делдалдық механизм жөніндегі үйлестіруші орталық).   

Ұлттық биотехнология орталығы БКХ-на қосымша делдалдық механизм жөніндегі Байланыс тармағы мәртебесінде (статус) ғылыми, техникалық, табиғатты қорғау және заңдық ақпарат алмасуға және өзгертілген тірі ағзалар мен генетикалық модификацияланған (түрлендірілген) объектілерге қатысты тәжірибе алмасуға көмектеседі.

Биоқауіпсіздік жөніндегі делдалдық механизм (БДМ) Хаттаманы жүзеге асыруда Тараптарға көмектесуге тартылған ақпараттар алмасуға арналған механизмді білдіреді. Хаттаманың көптеген ережелері Тараптардан БДМ ақпаратын беруді талап етеді және бұл механизм азық-түлік, жем ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған өзгертілген тірі ағзалар туралы ақпарат алмасуға байланысты ерекше мәнге ие.

БДМ Үйлестіруші орталығы берілетін мәліметтерді, биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасының Хатшылығымен байланысты растауға, сонымен қатар Биоқауіпсіздік жөніндегі делдалдық механизмнің жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету мақсатында ақпарат алмасудың желілік инфрақұрылымын құруға жауап береді. БДМ Үйлестіруші орталығы биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасының талаптарына сәйкес өкілеттігін орындауға қажетті ақпарат алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы тарапынан биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы бойынша Ұлттық үйлестіруші орталықпен, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан құзыретті ұлттық органдармен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, ҚР-ның басқа да министрліктерімен және мекемелерімен, биология және медицина саласындағы ғылыми орындармен және университеттермен қызмет істеуге міндетті.

 

2. Картахен хаттамасы

«Биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенцияға қосымша биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 маусымдағы №43-IV Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық жаңа міндеттемелер алды. Олар қазіргі биотехнологияны қолдану нәтижесі болып табылатын және адам денсаулығы үшін қауіптер мен трансшекаралық ауысуға ерекше назар аударуды есепке ала отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және тұрақты пайдалануға қолайсыз ықпал жасауға қабілетті өзгертілген тірі ағзаларды қауіпсіз беру, өңдеу және пайдалану саласында сақтаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етуден тұрады.

Хаттаманың 2-бабына сәйкес Қазақстан тиісті заң әзірлеу және қабылдау, әкімшілік органдар құру немесе қазірде бар міндеттемелер мен заңнамаларды іске асыруға жауаптыларға тиісті өкілеттіктерді үлестіру бойынша міндеттемелерді алды.

  • БКХ тараптар тізімі (5-қосымша).
  • Биологиялық әртүрлілік конвенциялары (БӘК).  (1,2-қосымша).
  • БӘК-на қосымша биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы (3,4-қосымша).
  • 2012-2020 жылдарға арналған БКХ бойынша Стратегиялық жоспар (6-қосымша).
Защита биоразнообразия от негативных воздействия современной биотехнологии
 

 

3. Құзыретті ұлттық органдар

«Қазақстан Республикасының Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға қосымша биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасынан шығатын міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы №1282 қаулысымен Қазақстан Республикасының Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға қосымша биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасынан шығатын міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі құзыретті ұлттық орган болып сайланды.

 

  • БКХ-ның 8,9,10,12,21- бабына қатысты әкімшілік міндеттерді орындайды.
  • ӨТА мен ГМА импорты мен экспорты туралы шешім қабылдай алады

 

4. БКХ бойынша ұлттық байланыс тармағы:

Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Кенесары көшесі, 36

Тел:   8 7172 55 59 95

Факс: 8 7172 55 59 95

 

БКХ-ға қосымша биоқауіпсіздік бойынша делдалдық механизм жөніндегі үйлестіруші орталық (БДМ-НКО) – ҚР БҒМ ҒК Ұлттық биотехнология орталығы

Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13/5

Тел.: 8 7172 70 75 65

Факс:8 7172 70 75 64

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар