Бірлестік

1. Биопрепараттар және вакциналар өндіру жөніндегі Корпорациялық ғылыми орталық

Биопрепараттар және вакциналар өндіру жөніндегі Корпорациялық ғылыми орталық құру туралы Келісімге 2014 жылғы 17 сәуірде қол қойылды.

Корпорациялық орталықтың қатысушылары: ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК (ҰБО) және «BIOTRON  GROUP» ЖШС (Степногорск қаласы).

Корпорациялық орталық  ауыл шаруашылығының және  қоршаған ортаны қорғаудың  қажеттіліктері үшін  жаңа биопрепараттар мен вакциналар өндірісін дамытуға бағытталған, кәсіпорындардың зияткерлік және инфрақұрылымдық ресурстарын шоғырландыру есебінен  оның қатысушыларының  шығармашылық және техникалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында құрылды. «BIOTRON  GROUP» ЖШС базасында жаңа биотехнологиялық өнімдер әзірлеу және өндіру үшін ҰБО-ның ғылыми зертханалары құрылды.

2. Еуразиялық биомедициналық технологиялық платформа

«Еуразиялық биомедициналық технологиялық платформа» Консорциумын құру туралы Келісімге 2014 жылғы 14 наурызда қол қойылды.

Консорциумның қатысушылары: Ресей Федерациясынан – «Болашақтың медицинасы» технологиялық платформасы» коммерциялық емес серіктестігі, Беларусь Республикасынан – «Ғылыми-техникалық саланы  жүйелі талдау және ақпараттық қамтамасыз ету  Беларусь институты» ММ, Қазақстан Республикасынан – ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК.

Консорциум тұрақты жұмыс істейтін  үйлестіруші және кеңесші орган болып табылады,  биомедицина саласындағы жобаларды  дайындау және іске асыру мәселелері жөніндегі ғылыми, білім беру, өндірістік және басқа  ұйымдардың  тиімді өзара іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында құрылды.

Www.tp-medfuture.ru сайтына сілтеме.

3. Еуразиялық биотехнологиялық платформа

Консорциумның қатысушылары: Ресей Федерациясынан – «Ю.А. Овчинников атындағы  Ресей биотехнологтарының қоғамы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы, Беларусь Республикасынан – Беларусь ҰҒА Микробиология институты, Қазақстан Республикасынан –  ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК.

Консорциум тұрақты жұмыс істейтін  үйлестіруші және кеңесші орган болып табылады,   биотехнологияларды  дамытуға және оларды ғылым, білім беру, экономика салалары, әлеуметтік сала және мемлекеттік  қажеттілік мүддесінде  тиімді пайдалануға бағытталған, мемлекеттердің, кәсіпорындардың, оқу орындарының және қоғамдық ұйымдардың  зияткерлік және әкімшілік ресурстарын  шоғырландыру есебінен оның қатысушыларының – ЕЭК мүшелері  мемлекеттердің бүкіл биотехнологиялық қауымдастығының шығармашылық және техникалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында құрылады.

4. «Биотехнология» инновациялық-білім беру консорциумы

Консорциумның қатысушылары: ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстк Қазақстан мемлекеттік университеті, Алматы технологиялық университеті.

Консорциум ғылым мен білімді  біріктіру мақсатында құрылды.

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар