Қызмет көрсету

Адам генетикасы және медицина
  1. Адамды генотиптеу.
  2. Адамның жүрек-қантамыр, онкологиялық ауруларға, асқазан-ішек жолы мен зат алмасу ауруларына генетикалық жағынан бейімдігін анықтау.
  3. Өмір салтын өзгерту үшін жеке генетикалық талдау жасау.
  4. Тұқым қуалайтын бүйрек патологиясы бар балаларды сырқат белгісіне дейін ерте кезде диагностикалау.
  5. мт-ДНҚ мен Y-хромосома пішіні негізінде генетикалық генеалогияны анықтау.
  6. HLA-пішінді анықтау.
  7. Жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттер үшін тромболитикалық препараттарды қабылдау мөлшерін жеке таңдау.
  8. Қан құрамындағы ферменттер, көмірсутек құрамдастар деңгейін, пигментті және су-электролит алмасуларды анықтау.
  9. Қоспалы сынамалардың мультиплексті анализы әдісімен (MLPA) адамның генетикалық ауруларын Тапсырыс берушінің жиынтығымен детекциялау.
  10. Адамның қан тобын ПТР әдісімен анықтау.
Молекулалы генетика және генетикалық инженерия
  1. Өсімдіктер мен жануарларды генотиптеу.
  2. Бактериялар мен вирустардың нуклеотидті тізбектілігін толық геномды және ішінара анықтау.
  3. Бактериялар, өсімдіктер мен жануарларды молекулалы-генетикалық әдістермен түрлеріне қарай бір жүйеге келтіру.
  4. Көптеген рет қайталанатын тандемді мультилокусты талдау әдісін  (MLVA) пайдаланып, бруцеллаларды генотиптеу.
  5. Өсімдіктердің, жануарлардың және тағам өнімдерінің үлгілерінен ДНҚ мен РНҚ бөліп алу.
  6. Олигонуклеотидтер синтезі  150-ге дейінгі қоспалар.
  7. Флуоресцентті-таңбаланған олигонуклеотидтер мен TaqMan-зонды синтезі.
  8. de novo гендерінің 500 п.о.-дан 3000 п.о-ға дейін синтезі.
  9. Бактериялар, ашытқылар, сүт қоректілер мен өсімдіктердің жасушаларында гендерді клондау және рекомбинантты ақуыздарға қол жеткізу.
Экология және биоремедиация
  1. Өсімдіктерге, топырақ пен су қоймаларына микробиологиялық талдау жүргізу.
  2. Консультационное сопровождение Биоремедиациялық жұмыстарға консультациялық қолдау көрсету.
  3. Табиғи ортаға экологтық-аналитикалық мониторинг жасау.
  4. Қоршаған орта объектілерінде ауыр металдардың болуын атомдық-адсорбционды спектрофотометрия тәсілімен анықтау.
Жасушалық биология және иммунология
  1. Адам мен жануарлардың діңгекті жасушалары культурасына қол жеткізу.
  2. Адам мен жануарлардың мезенхимальды және плюрипотентті діңгекті жасушаларын сәйкестендіру.
  3. Діңгекті жасушалардың  дифференциалды әлеуетін (потенциалын) бағалау.
  4. Жасуша культураларын микоплазмалармен контаминациялануына (былғануына) тестілеу.
  5. Биопрепараттардағы бактериялы эндотоксиндердің деңгейін сан жағынан айқындау.
  6. Диплоидты адам фибробласттарына және қорытылатын жасуша линияларын алу мен культивирлеу.
  7. Биологиялық белсенді қоспаларға, патогендерге және жасуша маркерлеріне қарсы поликлональды және моноклональды антиденелерді алу.
  8. Пероксидазамен коньюгирленген түр-тұқымға қарсы антиденелерге қол жеткізу немесе FITS.
Өсімдік шаруашылығы
  1. Шыны түтікшедегі өсімдіктерді микроклональды көбейту, картоптың элита, суперэлита және супер-супер элита сорттарының шағын түйнектерін алу.
  2. Картоптың вирустық инфекцияларын ИФТ мен ПТР әдісімен сәйкестендіру.
  3. Ағаш өсімдіктерін микроклональды көбейту, екпе көшеттері мен көшеттерін алу.
  4. Ағаш өсімдіктерін вирустық, саңырауқұлақ пен бактериальды аурулардан сауықтыру.
  5. Бұршақ дәнді өсімдіктерде ақуыздар қорының бар-жоғына изоферментті талдау мен оны анықтау.
  6. Тамақ өнімдерінде, өсімдіктердің тұқымдарында, жануарларға арналған жемшөптерде ГМА-ны анықтау.
Фармакология және токсикология
  1. Препараттың оксидантқа қарсы, анальгетикалық, қабынуға қарсы, гиполипидемиялық, гипогликемиялық, цитопротекторлық және микробқа қарсы белсенділігін анықтауға биоскрининг.
  2. Дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді заттардың цитоулылығын in vitro жағдайында анықтау.
  3. Биологиялық қол жетімдігіне, фармакокинетикалық параметрлері мен биоэквиваленттігіне қатысты зерттеулер.
  4. Ықтимал дәрі-дәрмектердің тиімділігін клиникаға дейінгі зерттеу.
  5. Клиникаға дейінгі зерттеулерде жалпы уланудың әсері мен улылықтың айрықша түрлерін зерттеу.
  6. Фармакоэкономикалық талдау.
Курстар, семинарлар, компьютерлік бағдарламалар әзірлеу
  1. Молекулалы геномика және биотехнология саласында магистерлік және докторлық диссертация жұмыстарын орындау кезінде материальды-техникалық база ұсыну және консультациялық қолдау көрсету.
  2. ПТР мен ДНК секвенирлеу негіздерінен оқыту семинарларын өткізу.
  3. Бастапқы және қорытылатын жасуша линияларын культивирлеу негіздері бойынша оқыту семинарларын өткізу.
  4. Биоинформатика бойынша оқыту семинарларын өткізу.
  5. Биоинформатика саласының есептері үшін компьютерлік бағдарламалар әзірлеу.
  6. ПТР праймерлер мен сынамаларды таңдау бойынша сервис.
More in this category: « Изобретения

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар