"Eurasian Journal of Applied Biotechnology" журналы

Ұлттық биотехнология орталығы 1996 жылдан бастап «Eurasian Journal of Applied Biotechnology» ғылыми журналын шығарады.  Журнал Қазақстанда және оның шегінде микроағзалар, өсімдіктер, жануарлар биотехнологиясы,  экологиялық, ветеринарлық, медициналық биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесін қамтитын іргелі және қолданбалы сипаттағы мақалаларды жариялайды.

 

Журналдың айдары:

  • 50000 белгіге (22-25 баспа беті) дейінгі шолу мақалалар;
  • 30000 белгіге (13-15 баспа беті) дейінгі төлтума мақалалар;
  • 15000 белгіге (7-8 баспа беті) дейінгі реферат қатынастары.

 

Журнал ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетімен ұсынылған басылымдар Тізбесіне қосылған. Журнал ВИНИТИ Реферативті  журнал, Ғылыми электрондық кітапхана RUNEB, Ulrich’s Periodicals Directory халықаралық ақпараттық базаларына еңгізілген. Журналдың халықаралық стандартты сериялық нөмірі ISSN 1028-9399.

Жариялау талаптары және басқа да толық ақпарат “Авторлар үшін нұсқаулық” құжатта және журналдың www.biotechlink.org сайтында.

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар