Зерттеулер бағыттары

Орталық  Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экологиясының  өзекті проблемаларын шешуге байланысты қолданбалы зерттеулер жүргізуде және биотехнологиялар әзірлеуде жетекші беделге ие.

 

Зерттеулер салалары:

  • генодиагностика, фармакогеномика, медициналық биотехнология
  • діңді жасушалар, жасушалық технологиялар, регенеративтік медицина
  • иммунология, иммунохимия, иммунобиотехнология
  • микроорганизмдердің молекулалық генетикасы
  • олигонуклеотидтердің химиялық синтезі және олардың  түрленуі
  • молекулалық генетика және өсімдктердің гендік инженериясы
  • биотехнология және өсімдіктердің жасушалық  селекциясы
  • экологиялық биотехнология
  • биогеотехнологиялар, рудалардан және үйінділерден алынған металдарды биологиялық сілтісіздендіру
  • микробиология және микробиологиялық синтез
  • фармакология, клиникаға дейінгі және  клиникалық сынақтар

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар