Ғылыми кеңес

Кеңес ҰБО-ның биология және медицина ғылымдары саласындағы инновациялық ғылыми-зерттеу және өндірістік-шаруашылық қызметті, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту мәселелері жөніндегі консультативті-кеңесші органы болып табылады. Өз қызметінде Кеңес «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы заңын, салалық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар ҰБО Жарғысын және осы ережені басшылыққа алады.

 

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері

  • ҰБО-ның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет мәселелерін қарастыру, оның жетілдірілуі жөніндегі  ұсыныстарды жасау және ұсыныстарды енгізу;
  • Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің келешекті бағыттарын іске асыруға көмектесу;
  • ҰБО қызметінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын қарастыру;
  • ҰБО-ның бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу бойынша басқа да ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен,  ғылыми қоғаммен өзара әрекеттестік жөніндегі мәселелерін қарастыру;
  • Зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау;
  • ҰБО-ның инновациялық қызметін дамыту мәселелерін қарастыру;
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін жариялау және насихаттау, оларды коммерциализациялауға көмектесу;
  • ҰБО-ның халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуға көмектесу;
  • ҰБО және оның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысы бойынша ұсыныстар жасау.

 

Ғылыми кеңестің міндеттері

  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарасты Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен анықталған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің келешекті бағыттарын іске асыру мақсатында ҰБО қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды талқылайды және жасайды;
  • Ғылыми тұжырымдамаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық даму бағдарламаларына, заңнамалық және ғылым саласындағы басқа да нормативтік актілерге ұсыныстарды қарастырады;
  • Ғылыми-зерттеу бағдарламалары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар, олардың нәтижелерін практикалық тұрғыдан іске асыру, ғылыми кадрларды дайындау, ғылыми еңбектерді шығару шеңберінде орындалатын жобалар жоспарын бекіту және іске асыру бойынша ұсыныстарды қарастырады және істеп шығарады;
  • Ағымдағы ғылыми-зерттеу бағдарламалары шеңберінде орындалатын жобалардың нәтижелері бойынша есептерді бекіту жөніндегі ұсыныстарды қарастырады және істеп шығарады;
  • ҰБО басқаруды жетілдіру, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТҚЖ) қаражатты тиімді пайдалану жөніндегі мәселелерді талқылайды және ұсыныстарды шығарады;
  • Басқа да ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселелерін қарастырады;
  • Құрылымдық бөлімшелердің, олардың басшыларының және жекелеген ғылыми қызметкерлердің ғылыми, ғылыми-техникалық қызметі туралы есептерді тыңдайды;
  • ҰБО-ның халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, шетелдік ұйымдармен бірге өткізілген ғылыми зерттеулердің орындалу барысын талқылайды, шетелдік ғылыми іссапарлар бойынша есептерді тыңдайды;
  • Ғылыми кадрларды дайындау және біліктіліктерін жоғарылатуға байланысты мәселелерді талқылайды; ғалымдардың ғылыми кадрларды дайындау жөніндегі жұмыстары туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды;
  • Мемлекеттік наградалар мен сыйақыларға ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтарды және өнертабыстарды ұсынады;
  • ҰБО-ның ғылымның дамуына үлес қосқан ғылыми қызметкерлерінің кандидатураларын ғылыми және құрмет атақтарына ұсынады;
  • Ұлттық ғылыми кеңес құрамына ұсынылған ғалымдардың кандидатураларын ұсынады;
  • Ғылыми құрылымдар, зертханалар меңгерушілерінің, бас және жетекші, аға және кіші ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдық орындарды алу мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылайды және істеп шығарады;
  • Жекелеген авторлардың, ұжымдардың және қызметкерлердің ғылыми еңбектерін жариялауға ұсынады.

 

Ғылыми кеңесің құрамы

1. Раманқұлов Е.М. Бас директор, Ұлттық биотехнология орталығы, төраға
2. Мұқанов Қ.Қ. Бас директорының орынбасары, Ұлттық биотехнология орталығы,  төрағаның орынбасары
3. Ахметоллаев І.Ә. Органикалық синтез зертханасының  меңгерушісі
4. Балпанов Д.С. Степногорск қ. ҰБО филиалының директоры
5. Булашев А.К. Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасының профессоры, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
6. Гуляев А.Е. ҰБО ғылыми кеңесшісі
7. Данлыбаева Г.А. Діңгек жасушалар зертханасының жетекші  ғылыми маманы
8. Жолдыбаева Е.В. Ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасның меңгерушісі
9. Искандарова К.Ә. Ғылым департаментінің директоры, Ұлттық биотехнология орталығы
10. Исабекова А. С. ҰБО Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы
11. Кәкімжанова А.Ә. Өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы зертханасының меңгерушісі 
12. Калакова М. Е. Ғылыми хатшының міндетін атқарушы, Ұлттық биотехнология орталығы
13. Календар Р. Н. Өсімдіктер геномикасы және биоинформатика зертханасының меңгерушісі
14. Құрманбаев А.А. Экологиялық биотехнология зертханасының меңгерушісі
15. Манабаева Ш.А. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы зертханасының меңгерушісі
16. Мұқантаев Қ.Н. Иммунохимия және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі
17. Огай В.Б. Діңгек жасушалар зертханасының меңгерушісі
18. Тен О.А. ЖШС «Биомедпрепарат» - Ғылыми-сараптамалық орталығы» директоры
19. Хасенов Б. Б. Микроағзалардың генетикасы және биохимиясы зертханасы зертханасының меңгерушісі
20. Шевцов А.Б. Ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасының аға ғылыми маманы
21. Шустов А.В. Генетикалық инженерия зертханасының меңгерушісі

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар