Жаңа Биотехнология орталығы

Ұлттық биотехнология орталығы елорданың сол жағалауында орналасқан жаңа ғимаратқа көшті.

Жаңа ғылыми-зерттеу кешенінің құрылысы зертханалық үй-жайларды жобалауға маманданған әлемге әйгілі CUH2A компаниясының жобасы бойынша жүргізілді. Орталықтың көлемі 29000 ш.м. астамды құрайды. Кешен өзара жылы өтпелермен жалғасқан 5 жеке ғимараттан тұрады. Зертханалық үй-жайлар ауданы 10 000 ш.  м. құрайды, озық технологиялы ғылыми құрал-жабдықтармен жарақталған 20 зертхананы қамтиды. 4000 ш.м. астам аумақты зертханалық жануарларды күтіп ұстауға және зерттеулер жүргізуге арналған виварий алып жатыр. Ғалымдар тұру үшін аумағы 6000 ш.м жатақхана қарастырылған. Аталмыш кешен барлық ғылыми және экологиялық халықаралық стандарттарға, соның ішінде айналадағылар үшін жүргізілетін зерттеулердің экологиялық және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биологиялық қауіпсіздік BSL-2 стандарттарына сай келеді.

 

 

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар