ҰБО туралы мәліметтер

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

 

 ҰБО миссиясы

Қазақстанның биотехнологиясын ғылымды көп қажет ететін технологиялардың негізінде табыстылығы жоғары бизнеске айналдыру және ғылыми жұмысты ұйымдастыру сапасының стандарты бола білу және жоғары деңгейін көрсету.

 

 ҰБО қызметінің мақсаттары:

  • ғылыми зерттеулер орындау,
  • ғылыми-технологиялық дамудың мемлекеттік басымдықтарына сәйкес жаңа технологиялар және биотехнологиялық өнімдер әзірлеу,
  • ғылыми-техникалық бағдарламалар, гранттар, инновациялық жобалар әзірлеу және оларды іске асыруға қатысу,
  • биотехнология саласындағы отандық және әлемдік ғылымның жаңа тиімді әзірлемелерін енгізу болып табылады. 

 

Орталықтың құрылымы

Ұлттық биотехнология орталығының бөлімшелері Степногорск және Астана қалаларында орналасқан. Астанада 13 зертханалары орналасқан. Степногорск қаласынада ҰБО өндіріс бөлімшелері аттынан филиалмен бірге, «Биомедпрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС 5 және 3 зертханалар қойлыған.

Барлық зертханалар цитологиялық, генетикалық, микробиологиялық, молекулалық биология және физика-химиялық зерттеу үшін қазіргі заманғы жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

ҰБО ғылыми әлеуеті биотехнология, молекулярлық биология, генетика, биохимия, микробиология, вирусология, иммунология, фармакология саласында 280 жоғары білікті маманды құрайды. Олардың ішінде 7 ғылым докторы, 34 ғылым кандидаты, 7 Ph.D  докторы, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Чехия университеттерін бітірген «Болашақ» бағдарламасының 10 түлегі бар. Орталықтағы қызметкерлердің орташа жасы - 30 жас.

Орталықта кәсіби дайындық бағдарламаларына және қызметкердің біліктілігін жоғарылатуға аса назар аударылады, биология мен биотехнологияның әртүрлі салаларындағы, сонымен қатар зертханалық құрал-жабдықтарды өндіретін жетекші компаниялардың жетекші ғалымдары мен мамандарын шақырумен дәрістер және оқыту семинарлары жүйелі түрде өткізіледі. Дәрістер циклімен Орталыққа АҚШ, Ресей, Германия, Франция, Корея және Израиль ғалымдары мен мамандары келеді. ҰБО-ның 170-тен аса қызметкері жақын және алыс шетелдердің үздік ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтті.

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар