Бас директордың сәлемдемесі

Біздің сайттың құрметті қонақтары, Ұлттық биотехнология орталығына қош келдіңіздер!

Биотехнологияны дамытудағы прогресс  соңғы онжылдықтарда дүниежүзілік экономиканы дамытудың  жетекші факторларының біріне айналды. Биоиндустрия  банк және мұнай-газ салаларына ғана жол беріп, дүниежүзілік экономика секторларының арасында капиталдандыру бойынша үшінші орын алады. Биотехнологияны дамыту Қазақстанның  мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты басымдықтарының бірі болып табылады.

Ұлттық биотехнология орталығы (ҰБО) зертханаларды, жоғары технологиялы жабдықтарды және 350-ден астам ғылыми қызметкерлерді  біріктіре отырып, Қазақстанның биология және биотехнология саласындағы аса ірі ғылыми орталығы болып табылады.  Біз   медициналық және экологиялық биотехнология, өсімдіктер мен микроорганизмдердің молекулалық генетикасы және биоинженериясы саласында зерттеулер жүргіземіз, ветеринария, тамақ және өңдеу өнеркәсібі үшін  технологиялар мен препараттар  әзірленеді.

 

Соңғы жылдарда ҰБО ғалымдары  тұтас бірқатар әдістер, технологиялар және өнімдер әзірледі: 

Медицина және денсаулық сақтау          

-  анемияның ауыр түрлерін емдеу үшін адамның таблеттелген нысандағы    рекомбинантты эритропоэтині; 

-  III-IV  дәрежелі күйіктерді  емдеу үшін жасушалық  препарат;  

-  гепатит, Эпштейн-Барр, жоғары онкогенді қатерге ие адамның   папилломасы,  туберкулез,  адамның иммундық тапшылығы вирустарының  диагнозын анықтаудың  жаңа молекулалық-генетикалық әдістері;   

-  микобактерияларды  және басқа бактерияларды генотиптеу;  

-  биологиялық бағалы   қасиеттерге ие рекомбинантты штаммдар жасау үшін бактериялар геномдарын толық геномды секвенирлеу;  

-  гастриттің, ойықжараның және асқазан обырының, сүтбез обырының боркеміктің,  коронарлық артерияларды стенттегеннен кейінгі рестеноздың дамуына адамның бейімділігін кешенді генетикалық бағалау  жүйесі;                                                       

-  тромб пайда болу қатерін азайтатын  дәрілік заттардың  жеке  мөлшерін есептеу үшін   диагностикалық панель;  

-  тұқым қуалайтын «Альпорт синдромы»  ауруына ие отбасылары диагностикасының алгоритмі. 

 

Ауыл шаруашылығы

-  бидайдың 2500-ден астам  жаңа генетикалық сорттармақтары; 

-  жазғы жұмсақ бидайдың саңырауқұлақ инфекцияларына берік  2 жаңа сорты («Қазақстан» және «Ақорда»);  

-  картоптың «Астаналық» сорты;  

-  картоптың вируссыз тұқымдық материалын алу технологиясы;  

-  малдар мен құстардың  ерекше қауіпті ауруларының  диагнозын анықтау әдістері; 

-  зиянкес жәндіктерімен күресу үшін  инсектицидті препараттар;

-  мүйізді ірі қара мал лейкозы вирусының диагностикасы үшін ИФА тест-жүйелері.

 

Қоршаған ортаны қорғау

-  мұнаймен ластанған топырақты және суды  өнеркәсіптік биоремедиациялау үшін пайдаланылатын микроорганизмдер.

 

Биогеотехнологиялар

-  алтынды, уранды және мысты сілтісіздендіру үшін қолданылатын бактериялар.

 

Біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде  қазақстандық биотехнологиялар көбінесе биологиялық қарумен  байланыстырылды.  Бүгінгі күні биотехнология – бұл денсаулықтың, технологиялар тазалығының, азық-түліктің, ауаның және судың зиянсыздығының нышаны.

Біздің бүгінгі жетістігіміз – бұл біздің Отанымыздың болашақ әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге отандық биотехнология  жасап жатқан сенімді  қадамдар.

 

Ерлан Раманқұлов,

Бас директор

Біз туралы

Елдің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰБО) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылы құрылды. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекетпен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.

Соңғы жаңалықтар